"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Жаңақорған аудандық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.
Округ орталығы: Сунақата ауылы, Жібек жолы көшесі н/з, «№194 орта мектебі» КММ ғимараты.
Округ шекаралары: Екпінді, Сунақата, Сүттіқұдық ауылдық округтері
Округ аумағына кіретін сайлау учаскелері: №304,305,309.
Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясы