2023 жылғы 10 желтоқсанда өткен Жаңақорған ауданының М. Нәлібаев ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 589 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 457 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 6 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны –9.
Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 3 адам ұсынылып, 3-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.
Дауыс беру қорытындысы:
- М. Нәлібаев сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 457 адамның кандидат Қалыбаев Аңсар Дәулетұлына–32, кандидат Сердалиев Бакдаулет Турсынбаевичке – 339, Тунгышбаев Нурлан Дайрабаевичке-77 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісі таңдалған жоқ.
Дауыс беру қорытындысымен М. Нәлібаев ауылдық округінің әкімі болып Сердалиев Бакдаулет Турсынбаевич сайланды.
1988 жылы туған, ұлты қазақ, Жаңақорған ауданы, М. Нәлібаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақжол ауылында тұрады. Өзі-өзін ұсынған.
Жоғарыда көрсетілген әкім сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Жаңақорған аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
© Жаңақорған аудандық облыстық сайлау комиссиясы