Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауының Жаңақорған ауданы тұрғындары арасында насихаттау бойынша 2023 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен атқарылған жұмыстар.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және тұрғындар арасында насихаттау мақсатында аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс жасау үшін тиісті мекемелерге жолданды. Интернет ресурстарында 2000-ға жуық ақпараттық материалдар жарияланып, ЛЭД экрандар мен халыққа қызмет көрсету орталығы, емхананың күту залдарында тұрғындар назарына орналастырылды. Халық көп шоғырланған орындар мен хабарландыру тақталарында 100-ге жуық А3 форматтағы материал орналастырылды. «Жаңақорған тынысы» газеті мен сайтында зиялы қауым өкілдері мен тиісті сала мамандарының 50-ге тарат пікірлері, интернет ресурстарында 150-ге материал жарияланды. Сонымен бірге, 9 қазан күні спикерлерді тарта отырып, мәдениет және спорт саласының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Осындай кездесулер алдағы уақытта да барлық жетекші салалар өкілдерімен өткізу жоспарланған.

 
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауының Жаңақорған ауданы тұрғындары арасында насихаттау бойынша 2023 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен атқарылған жұмыстар.
Дата публикации
17 октября 2023