ЖОБА
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
Ш Е Ш І М І
«Сунақата ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 402 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 109-1-бабының
4 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1- тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Сунақата ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 111 051 мың теңге; оның ішінде:
салықтық түсімдер – 839 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттердің түсімдері – 110 212 мың теңге;
2) шығындар – 113 848,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;
7) Бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 2797,7 мың теңге;
8) Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару- 0,2 мың теңге».
Сунақата ауылдық округінің әкімі А. Жумадуллаев