"Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№296 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5966 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аппарат басшысы
|
|
А. Абдуллаев
|