«Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама және ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

«Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама және ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

28 сәуір 2023 жыл                                                                                                                                            Өзгент ауылы

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Өзгент ауылдық округі әкімі аппаратынын (бұдан әрі - Аппарат) қызметі сыбайлас жемкорлык тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды «Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2023 жылғы 29 наурыздағы №11-н/қ өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

    Жакудаев Еркебулан Асанұлы

     

    «Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы, топ жетекшісі

    Сарсенбаев Абзал Кантуреевич

    -

    «Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы, топ мүшесі

    Насыров Мейіржан Тұрсынханұлы

    -

    «Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің жетекші маманы, топ мүшесі

    Бектурганов Ерлан Каскирбаевич

    -

    «Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің есепшісі, топ мүшесі

    Файзуллаев Бахытжан Абибуллаевич

    -

    «Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің салықшы маманы, топ мүшесі

Дата публикации
12 мая 2023