«Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама және ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Байкенже ауылдық округі 28.04.2023 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметі табылады.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы№ 12 бұйрығымен бекітілгенСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ауылдық округ әкімінің 2023 жылғы 27 наурыздағы №19 өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
|
Бектибаев Нургиса Танабаевич |
- |
Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, жұмысшы топ жетекшісі |
|
Тұрғұнбай Гүлжанат Тұрғұнбайқызы |
- |
Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының заңнамалық кеңес жөніндегі әдіскері, хатшысы |
|
Зейдалиев Кайрат Нурмашович |
- |
Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының есеп және есептілік жүргізу жөніндегі әдіскері, топ мүшесі |
|
Ахметов Сейтжан Ерболатович |
- |
Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының есеп және есептілік жүргізу жөніндегі әдіскері, топ мүшесі |