Жаңақорған ауданының 2023 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды жеке қабылдау бойынша атқарылған жұмыстары жайлы мәлімет

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

Жаңақорған ауданы әкімі аппаратында 2023 жылдың  I тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге жүргізілген талдау нәтижесі бойынша есепті кезеңде барлығы 207 өтініш түскен,  оның  113-і  жеке тұлғалардан   және  94-і заңды тұлғалардан.

Жеке және заңды  тұлғалардан түскен 207 өтініштің ішінде 46-сы қанағаттандырылса, 84-не заң талабына сай түсіндірме жауап берілді. Жеке тұлғалардың  өтінішін қарауды тоқтау туралы арызы негізінде 3 өтініш қараусыз тоқтатылды. Өтініштің қарау құзыреттілігіне қарай 45-і басқа органдардың қарауына жолданды. Есептік кезеңде қалдықта қалған 29 өтініштің  орындалу мерзімі бар.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мәселелері бойынша талдау барысы  кестеде келітірлген.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты, аудан әкімі аппараты мен оған қарасты кент, ауылдық округ әкімдіктері  аудандық дербес бөлімдерден ай сайын статистикалық есеп жинақталып, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына ұсынылады. Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратына ай сайын,  өтініштерге қатысты есептер жасалып, жолданады.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Қызылорда облысы бойынша басқармасымен 2022 жыл бойына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында заңдылықтың сақталмауына байланысты бірнеше ұсыныстар келіп, оның қортындысымен тиісті саланың жауапты мамандарының жауапкершілігі қаралды.

Осыған байланысты, алдағы уақытта заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында 2023 жылдың 31 наурызында аудан әкімі ғимаратының үлкен мәжіліс залында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасайтын саланың жауапты мамандардың  (тізім бойынша 81 азаматтың) қатысуымен  Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, жұмыста қолдану сонымен қатар, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау барысын оқыту семинары ұйымдастырылып өткізілді.

Жеке қабылдау бойынша

Қазақстан республикасының әкімшілік  рәсімдік –процестік кодексіне  сәйкес,  жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындар назарына жеткізу үшін  «Жаңақорған тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми  интернет-ресурсындағы  сайтына орналастырылып, аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерді қабылдау тұрақты түрде аптасына бір рет жүргізілуде.

Осы жеке қабылдау кестесіне сәйкес 2023 жылдың I тоқсан қорытындысымен жалпы аудан әкімі аппаратында қабылдауда болған  58  азаматтың 33 азаматы аудан әкімінің жеке қабылдауында, 25 азамат аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болды. Қабылдау барысында барлық өтініш иелеріне ауызша түсіндірме жауап берілген.

2023 жылдың I тоқсан қортындысымен кент, ауылдық округ әкімдерімен, дербес бөлім басшыларымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау өткізілмеген.

Дата публикации
10 апреля 2023