2023 жылдың үш айында аудан әкімі аппаратына 2224 құжат кіріске алынып, 1378 хатқа шығыс жасалды. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің 126 қаулысы, аудан әкімінің 1 шешімі қабылданып, аудан әкімінің 95 өкімі тіркелді. Аппарат басшысының 13 бұйрығы шығып, барлық құжат айналымы 3837-ні құрап отыр.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына облыс әкімі аппараты арқылы ҚР Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінен келген 266 деректі ҰӨҚ құжаттардың 79-ы немесе 30 %-ы бақылауға алынып, оның 34-не мерзімінде жауап берілсе, қалған 7 хаттың жауабы мерзімінен кешіктірілген және де 38 хаттың орындалу мерзімі бар.
Сондай ақ, облыс әкімі аппараты мен басқармалардан және басқа да мекемелерден келген 2224 құжаттың 1427 құжаты, яғни 64 пайызы бақылауға алынып, оның 1333-не мерзімінде жауап беріліп, 48 хаттың жауабы мерзімінен кешіктірілген және де 46 хаттың орындалу мерзімі бар.
Осы бақылаудағы құжаттарды мерзімінде орындамай, немқұрайлылық танытқан бөлімдер:
- аудандық мәдениет және спорт бөлімі бойынша 1 құжат
- аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 6 құжат;
- аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі бойынша 2 құжат;
- Қызылорда облысының білім басқармасы Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінде 10 құжат.
2023 жылғы 3 ай қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы
2023 жылдың 3 айында аудан әкімі аппаратына облыс әкімі, облыс әкімі орынбасарлары және облыс әкімі аппараты басшысының төрағалығымен өткен мәжілістердің жалпы саны 45 хаттамалық тапсырмасы келді. Атап айтқанда, облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің 16 хаттамалық тапсырмасы, облыс әкімі орынбасарларының және облыс әкімі аппаратының төрағалығымен өткен мәжілістердің 29 хаттамалық тапсырмасы келді.
2023 жылдың 3 айында келген 45 хаттамалық тапсырмалардың 38 мерзімінде орындалса, 2 хаттамалық тапсырма мерзімінен кешіктіріп орындалған. 5 хаттамалық тапсырманың орындалу мерзімі бар.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 1 хаттамалық тапсырманың мерзімін 1 күнге кешіктіріп орындаса, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі 1 хаттамалық тапсырманың мерзімін 3 күнге бұзып орындаған. Аталған хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы төмендегі кестеде көрсетілген
«ҚБПҮ» деген белгісі бар хаттар бойынша
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратында 2023 жылдың I тоқсан қортындысымен қызмет бабында пайдалану үшін деген белгісі бар 139 хат айналымда болған, оның ішінде кіріс хат 89-ды құраса, 50 хатқа шығыс жасалып, тиісті мекемелерге арнайы байланыс арқылы жолданды. Мекемеде кірісте болған 89 хаттың 62-не белгіленген мерзімде жауап берілсе, 27 хаттың орындалу мерзімі бар.
Орындаушылық тәртіпті жолға қою мақсатында барлық бөлім басшыларына бақылаудағы хаттар мен хаттамалық тапсырмаларды күнделікті бақылауда ұстап, мерзімінде сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қатаң тапсырма беріп, жауапкершіліктерін арттыруды сұраймын.