Жаңақорған ауданының денсаулық сақтау саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

2023 жылдың 3 айында аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде интеграцияланған тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген Жол карталары аясында медициналық қызметтер көрсетілді. 74096 аудан халқына 185 орынға арналған тәуліктік орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана (Төменарық 10 төсек, Қандөз 5 төсек), 1 аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, 50 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ қызмет көрсетті. 1 жалпы тәжірибелі дәрігердің жүктемесі орташа есеппен алғанда 1482 болып отыр.

Кадрлық қызмет:

Ұйымда 170 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, дәрігермен қамтылу деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 22.9, дәрігерлердің 94-нің немесе 55.3%-ның біліктілік санаттары бар. Орта буынды мамандар - 856, олардың 539-ы немесе 62.9%-ның біліктілік санаты бар.

2023 жылдың 3 айында аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 124603, яғни 1 тұрғынға шаққанда 1,7 көрсеткішті құраса, 2022 жылдың 3 айында бұл көрсеткіш 137844 немесе 1.8 құраған. Оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауында 50,6% (2022ж. 3 айы 32,6%), жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауында 49,4% (2022ж. 3 айы 67,4%) тұрғын болған.

Ауданда тіркелген жалпы сырқатшылдық 17812, 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 240,4 (2022ж. 3 айы 18176/239,5) болса, аурушаңдық 12948/174,7 (2022ж. 3 айы 13639/179,7). 2023 жылдың 3 айымен салыстырғанда сырқатшылдық 0,9 жоғарылап, аурушаңдық 5,0 көрсеткішке төмендеген.

Демографиялық көрсеткіш: 2023 жылдың 3 айында аудан бойынша 493 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіш 6,6 (2022ж. 3 айы 470/6,2), табиғи өсім көрсеткіші 5,5‰ (2022ж. 3 айы 4,9‰) құраса, 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда бала саны 23-ке көбейіп, туу көрсеткіші 0,4‰, табиғи өсім 0,6‰ төмендеген.

2023 жылдың 3 айында аудан бойынша 81 өлім жағдайы тіркеліп, көрсеткіші 1.09 (2022ж. 3 айы 102/1.3) және 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда өлім-жітім 0.2‰  төмендеген.

Жалпы қайтыс болғандардың ішінде еңбекке қабілетті жастағылары 24-29,6% құраса, 2022 жылдың 3 айында 27-26,4%, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2% жоғарылаған. Сондай-ақ үй жағдайында қайтыс болғаны 56, немесе 69,1%  (2022ж. 3 айы 65-63,7%) құрады, 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда 5,4% жоғарылаған.

Ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша

Аудан бойынша әйелдер саны 35757, оның ішінде ұрпақты болу жасындағылары - 15160/42,4%, сондай-ақ жүктілікпен есепке алынған әйелдер - 531, оның 12 аптаға дейін есепке тұрғандары – 492-92,6% (2022ж. 3 айы 479-95,0%), 12 аптаға дейін терапевтпен қаралғандары – 453/91,9% (2022ж. 3 айы 436/85,7%).

2023 жылдың 3 айында аудан бойынша 493 босану болды (2022ж. 3 айы 486).

2023 жылдың 3 айында 493 бала туылып, туылу көрсеткіші ‰, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 6,6‰-ге төмендеген. (2022ж. 3 айы 470/6,2‰).

2023 жылдың 3 айында 0-1 жас аралығында ауданда 4 нәресте шетінеп, тірі туылған 493 балаға шаққандағы көрсеткіш 8,1‰ құрады (2022ж. 3 айында шетінеген бала саны 9, тірі туылған бала саны 470, көрсеткіш 19,1‰). 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда сәби өлімі 11,0 көрсеткішке төмендеген.

Осы бағытта ұрықтың даму ақауын және жүкті әйелдердегі патологияны жоғары дәлдікпен анықтауға арналған экспертті ультрадыбысты зерттеу аппараты алынып, жүктілерге зерттеу жүргізілуде. Жүктілердің УДЗ скринингпен тексеруге арнайы маман білімін жетілдіріп, жұмыс жасауда.

Жаңақорған ауданы бойынша жіті миокард инфарктісі мен ми қанайналым жіті бұзылыстары кезіндегі медициналық көмек көрсету негізінде жедел миокард инфаркт кезінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту және науқастарды ерте анықтау мақсатында функциональды кардиологтың бөлмесі Холтер ЭКГ, СМАД, 12 каналдық ЭКГ, жоғары сезімталдығы бар тропонинді анықтайтын аппарат, тредмил тест аппараттарымен жабдықталып, науқастар терапия бөлімшесінен ашылған кардиологиялық 8 төсекте жоспарлы түрде ем алуда. Жіті миокард инфарктісі бойынша 2023 жылдың 3 айында аудан көлемінде жедел коронарлық синдромымен барлығы 7 (2022ж. 3 айы 6) науқас, 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда 1 жағдайға көбейген, ST сегментінің биіктеуімен 4 (2022ж. 3 айы 2), ST сегментінің биіктеуінсіз 3 (2022ж. 3 айы 4). Жіті миокард инфарктісі 2023 жылдың 3 айында 3 (2022ж. 3 айы 10).

«Жедел ми қан айналымы бұзылуы» кезіндегі медициналық көмекті жақсарту бойынша 2023 жылдың 3 айында тіркелгендер саны 40 (2022ж. 3 айы 33), 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда 7 жағдайда көбейген. Қазіргі таңда аудандық ауруханада 20 төсектік реабилитация бөлімі жұмыс жасауда. Бұл бағытта да мамандар білімі жетілдірілді.

Онкологиялық ауруларды бақылау бойынша 2023 жылдың 3 айында 25/33,7 (2022ж. 3 айы 33/39,2) науқас тіркелді. Есепті кезеңде қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандар саны 10/13,5 (2022ж. 3 айы 12/14,2), 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда екі жағдайға азайған. 2023 жылдың 3 айында 7/28,0% науқас ерте сатысында анықталған болса, 2022 жылдың 3 айында 13 науқас немесе 39,4% ерте сатысында анықталды, 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда 11.4% төмендеген. Кеш сатысында 1/4,0% (2022ж. 3 айы 0) науқас тіркеліп, 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда 4,0% жоғарылаған.

 «Хирургиялық және жарақаттану кезіндегі медициналық көмек аясында аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердегі 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және жол апаты салдарынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмекті мерзімінде көрсету мақсатында Талап, Түгіскен, Төменарық дәрігерлік амбулаторияларын тірек бекеттері ретінде жасақтау жұмыстары ұйымдастырылған. Жоғарыда аталған бригадалар автокөлікпен және қажетті медициналық құрал жабдықтармен (Шина Дитрихса, Шина Крамера, Экг, Носилька, Пневматические шины т.б) жабдықталып, жауапты мамандар бекітілді, сондай-ақ мамандар білімі жетілдірілді.

Қазіргі таңда 27 төсектік хирургия бөлімі (15 төсегі хирургия, 10 төсегі травматология, 2 ЛОР), 10 төсек онкологиялық ауруларға арналған паллиативті қызмет көрсетеді, қажетті мамандармен қамтамасыз етілген. Қабылдау бөлімінде жарақаттану шок жағдайында келген, ес түссіз келген науқастарға, уақыт өткізбей аппаратқа қосу, көмек көрсету бөлмесі даярланған. Аудандық аурухананың травматология бөлімшесі отаға арналған хирургиялық, травматологиялық, операциялық стол мен құрал-жабдықтардың жинағы, Эхоэнцефалограф сономед (миды ультрадыбыстық әдіспен тексеру) аппараты, Беллера шендеуіші (шина Беллера), функциялы керуерт (функциональная кровать) 4 данасы, сүйек сынықтарын орнына қойып, олардың қозғалмауын қамтамасыз ететін (спицы), Киршнера шыбықтарымен қамтамасыз етілген.

Суицидтен 2023 жылдың 3 айында 7 жағдай (2022ж. 3 айы 3/4,0) тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 9,4‰, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 жағдай немесе 5,4 көрсеткішке жоғарылаған. Аяқталған жағдай 2 (2022ж. 3 айы 1), өткен жылмен салыстырғанда 1 жағдайға көбейген, оның ішінде жасөспірімдер арасында  жағдай тіркелген жоқ.

Жасөспірімдер арасында суицидттік жағдайлардың алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданы бойынша білім беру ұйымдары мен емхана психологтары тарапынан барлығы іс-шара өткізіліп, үнпарақшалар таратылып тұрады. Суицидтік әрекеттің алдын алу мақсатында суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің тәуекел тобын анықтау жұмысын жолға қою мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер және т.б. құзырлы мемлекеттік органдар арасындағы салааралық байланыс жұмыстары жүргізілуде.

Туберкулезбен аурушаңдық бойынша: 2023 жылдың 3 айында 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық 2/2,6 (2022ж. 3 айы 7/9,2), 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда 5 жағдайға төмендеген. Есепті мерзімде туберкулезден өлім жағдайы тіркелген жоқ.

«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығының халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеру бойынша 2023 жылға жоспарланған халықтың 47% қамтылды. Скринингтік тексерулерді нозология бойынша талдағанда: қанайналым жүйесі бойынша жоспар - 5596 (2022 жылы 5552), орындалғаны – 2682/47,9% (2022ж. 2124/38,2%), анықталған ауру – 69/2,5% (2022 жылы 101/4,7%), қант диабеті бойынша жоспар - 6968 (2022 жылы 5903), орындалғаны – 3175/45,5% (2022 жылы 2521/42,7%), анықталған ауру – 22/0,6% (2022 жылы 18/0,7%), глаукома бойынша жоспар - 7214 (2022 жылы 6092), орындалғаны – 3367/46,6% (2022ж. 2610/42,8%), анықталған ауру – 52-1,5% (2022 жылы 16/0,6). Скринингтік тексеру кезінде анықталған аурулар диспансерлік есепке алынып, емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Аурухана бойынша: ҚР ДС және ӘДМ 29.09.2015 жылғы №761 «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес стационарлық көмек көрсету тәртібі белгіленген. Ауруханада барлық төсек саны - 200. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 27,0 (2022ж. 3 айы 26.4). Түскен науқас саны - 2121 (2022ж. 3 айы 1971), емделіп шыққан науқас - 2118 (2022ж. 3 айы 1903), өткізілген төсек күні - 16211 (2022ж. 3 айы 14907), төсек жұмысы – 70,5 (2022ж. 3 айы 74,5), төсек айналымы – 9,3 (2022ж. 3 айы 9,6), орташа жату күні – 7,7 (2022ж. 3 айы 7,8), төсектің орындалуы – 90,9% (2022ж. 3 айы 96,2%).

Аудандық орталық емхананың күндізгі стационар бөлімі 150 төсекке арналған. Күндізгі стационар 3 айының жоспары - 1010, 3 айда ем алып шыққан науқас – 1133/112,1% (2022ж. 3 айы 964/99,4%).

МӘМС жүйесін ақпараттандыру жұмыстары бойынша: Аудандағы емдеу ұйымдарында МӘМС жүйесінің енгізілуі бойынша Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (бұдан әрі ТМККК) жаңа моделі мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі МӘМС) шеңберінде медициналық көмектің негізгі түрлері мен нысандары жөнінде әзірленген бұйрықтар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтер ТМККК-ның жаңа моделі мен МӘМС жүйесі аясында жүргізілуде және емдеу ұйымдары жаңа жүйе бойынша қажетті ақпараттық материалдармен толық қамтамасыз етілген. МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша Жаңақорған ауданы әкімінің өкімімен аудандық Жұмыс тобы құрылған. МӘМС жүйесі бойынша аудан әкімі аппараты мен денсаулық сақтау саласы, сондай-ақ басқа да мекемелер тарапынан МӘМС жүйесіне жауапты мамандар бекітілген. Емдеу ұйымдарының тіркеу бөлімі мен қабылдау бөлімінің қызметкерлері МӘМС жүйесі бойынша оқытылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бұл бағыттағы жұмыстар мекемеде құрылған «бестіктер» тарапынан жалғасуда. Кент орталығы мен елді мекендерде тақырыптық баннерлер ілінді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік мәртебесі (статусы) анықталмаған немесе сақтандырылмаған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың әлеуметтік мәртебесін анықтау мақсатында тиісті шаралар қабылданып ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсетілуде. МӘМС туралы ақпараттық-танымдық материалдар аудан әкімдігінің («Open Janakorgan»), аудандық ішкі саясат бөлімінің және танымал блогерлердің, аудандағы емдеу ұйымдарының «Open Janakorgan Auruhana» әлеуметтік желі парақшалары арқылы тұрғындарға, ШОБ (шағын орта бизнес) субъектілерінің басшыларына жеткізілуде. Сондай-ақ емдеу ұйымдарындағы телеэкрандар мен желі парақшалары арқылы арқылы МӘМС жүйесі бойынша әзірленген бейнероликтер тұрақты түрде келушілер назарына ұсынылуда. Шағын орта бизнес (ШОБ) субъектілері мен аудан тұрғындарын «Qoldau INFO»  телеграм каналына тіркету жұмыстары ұйымдастырылуда және бұл жұмыстар аудан әкімдігінің тікелей бақылауында. «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына тіркелу жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
10 апреля 2023