Жаңақорған ауданының экономика және қаржы саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Аудандық экономика  және қаржы бөліміне 2023 жылдың 3 айында  барлығы  370 кіріс құжаттары және158 шығыс құжаттары тіркелді.  Оның ішінде  85  қатынас  хат   жоғары тұрған органдардың сұранысына сай мәлімет ретінде жолданды.

Жеке және заңды тұлғалардан 11 өтініш түсіп,  толық  қанағаттандырылды.

2023 жылы  аудандық бюджетке  4 рет түзету енгізу туралы аудан әкімдігінің қаулылары дайындалды.

Жобалық офисті өзектендіру мақсатында Жаңақорған ауданы әкімдігінің жобалық басқару мәселелері бойынша жобалық тобын құру туралы» аудан әкімінің 2023 жылғы 22 ақпандағы №21-Ө өкіміне сәйкес Жаңақорған ауданы әкімдігінің жобалық басқару мәселелері бойынша жобалық тобы құрылды.

Аудан бюджетінің салықтық базасын кеңейту бағыты бойынша «Жаңақорған ауданы бойынша2023-2024 жылдарға арналған салық және бюджетке төленетін төлемдердің резервтерін анықтау жөніндегі жұмысшы тобын құру туралы»  ауданы әкімінің м.у.а. 2023 жылғы 15 наурыздағы №31-Ө өкіміне сәйкес жұмысшы тобы құрылды және Жаңақорған ауданы бойынша  2023-2024 жылдарға арналған бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер бойынша резервтерді анықтау Алгоритмін үйлестірумен орындау іс-шара жоспары бекітіліп, атқарылған жұмыстар бойынша мәлімет облыстық экономика және қаржы басқармасына 2 рет жолданды.

Ауданға қарасты 26 кент, ауылдық округ бюджеттерінің кірістері бойынша есебі жасалып, 3 рет (ай сайын) облыстық экономика және қаржы басқармасына жолданды.

2022 жылдың қорытындысымен  барлық ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі жасалды.

2023  жылдың  1-сәуіріне Жаңақорған ауданы бюджеттнің атқарылуы туралы

2023 жылдың 1-сәуіріне аудан бюджетінің жалпы кірістері 110,8 пайызға орындалды (болжам 2 453 532,0 мың теңге, бюджет кірісіне нақты түскені 2 717 498,8 мың теңге), аудан бюджетіне артық түскені 263 966,8 мың теңге (2022 жылдың 1-сәуіріне жалпы кірістер 105,2 пайыз, 243 128,2 мың теңге артық түсім болған).

Аудан бюджетінің өз кірістері 133,0 пайызға орындалды, оның ішінде  салықтық түсімдер 228 244,1 мың теңгеге артық түсіммен, 128,5 пайызға орындалды (есепті айға жоспар 799 551,0 мың теңге, орындалуы 1 027 795,1 мың теңге).

Салыққа жатпайтын түсімдер 7 936,0 мың теңге артық түсіммен, 1795,7 пайызға орындалды (есепті айға жоспар 468,0 мың теңге, орындалуы 8 404,0 мың теңге).

Капиталды сатудан түсетін түсімдер 27 786,7 мың теңге  артық түсім болды (есепті айға жоспар 0,0 мың теңге, орындалуы 27 786,7 мың теңге). Аудан бюджетінің  шығыстары 2023 жылдың 1-сәуіріне 99,9 пайызға орындалды. Есепті айға нақтыланып жоспарланғаны 2 161 408,9 мың теңге ал, атқарылу барысы 2 160 220,1 мың теңге ге орындалып, 1 188,8 мың теңге қалдық құралды.

Аудандық коммуналдық меншікті басқару секторымен қабылданған бұйрықтар

2023 жылдың 3 айында барлығы 15 бұйрық қабылданды. Оның ішінде: 1 - мүліктерді ауданның коммуналдық мүлік деңгейінен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне беру туралы, 7 - мүліктерді жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік деңгейінен ауданның коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы, 2 - мүлікті теңгерімнен теңгерімге беру және қабылдау туралы, 1 - мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміндегі жайларға мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру, 4 – аудандық коммуналдық мүлік деңгейіндегі мүліктер туралы.

Коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беру жұмысы туралы

«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы  №212 бұйрығына сәйкес жалпы 162,3 шаршы метр мемлекеттік тұрғын үй емес жайларға барлығы 4 мемлекеттік мүлікті жалға беру шарттары рәсімделіп, келісім шарттар бойынша 261,0 мың теңге түскен.

Дата публикации
10 апреля 2023