2023 жылдың 1-сәуіріне аудан бюджетінің жалпы кірістері 110,8 пайызға орындалды (болжам 2 453 532,0 мың теңге, бюджет кірісіне нақты түскені 2 717 498,8 мың теңге), аудан бюджетіне артық түскені 263 966,8 мың теңге (2022 жылдың 1-сәуіріне жалпы кірістер 105,2 пайыз, 243 128,2 мың теңге артық түсім болған).
Аудан бюджетінің өз кірістері 133,0 пайызға орындалды, оның ішінде салықтық түсімдер 228 244,1 мың теңгеге артық түсіммен, 128,5 пайызға орындалды (есепті айға жоспар 799 551,0 мың теңге, орындалуы 1 027 795,1 мың теңге).
Салыққа жатпайтын түсімдер 7 936,0 мың теңге артық түсіммен, 1795,7 пайызға орындалды (есепті айға жоспар 468,0 мың теңге, орындалуы 8 404,0 мың теңге).
Капиталды сатудан түсетін түсімдер 27 786,7 мың теңге артық түсім болды (есепті айға жоспар 0,0 мың теңге, орындалуы 27 786,7 мың теңге).
Аудан бюджетінің шығыстары 2023 жылдың 1-сәуіріне 99,9 пайызға орындалды. Есепті айға нақтыланып жоспарланғаны 2 161 408,9 мың теңге ал, атқарылу барысы 2 160 220,1 мың теңге ге орындалып, 1 188,8 мың теңге қалдық құралды.
Аудандық коммуналдық меншікті басқару секторымен қабылданған бұйрықтар
2023 жылдың 3 айында барлығы 15 бұйрық қабылданды. Оның ішінде: 1 - мүліктерді ауданның коммуналдық мүлік деңгейінен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне беру туралы, 7 - мүліктерді жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік деңгейінен ауданның коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы, 2 - мүлікті теңгерімнен теңгерімге беру және қабылдау туралы, 1 - мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміндегі жайларға мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру, 4 – аудандық коммуналдық мүлік деңгейіндегі мүліктер туралы.
Коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беру жұмысы туралы
«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығына сәйкес жалпы 162,3 шаршы метр мемлекеттік тұрғын үй емес жайларға барлығы 4 мемлекеттік мүлікті жалға беру шарттары рәсімделіп, келісім шарттар бойынша 261,0 мың теңге түскен.