Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік қөмек көрсету саласында атқарылған жұмыстар жайлы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығының 3-қосымшасы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарты», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» № 379 бұйрығы негізінде әлеуметтік қызметтер ұсынылады. Онда уйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу, осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан жақты көмек көрсету сақталады. Сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығындағы адамдарға аптасына кемінде екі рет барып қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері негізінде қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар жасалып, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасалуда, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, оңалту іс-шаралары жүргізілуде. Жалғыз басты қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерді анықтап, олардың есебі жүргізілуде. Қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтары және қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар етіліп отырады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі арттырылып тұрады. Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіріліп, олардың біліктілігі арттырылып отырады.
«Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде 121 мүгедектер мен қарттар есепте тұрады. Оның ішінде 9-мүгедек, 112-жасына байланысты зейнеткер. (Жаңақорған кентінде 58, оның ішінде - 54- жасының егде тартуына байланысты зейнеткер, 4 мүмкіндігі шектеулі азамат. Ер азаматтары – 18, әйел азаматшалары – 40).
Бөлімде, есепте тұрған қарияларға демеушілік жасау үшін, мекемелер мен ұйымдарға тіркеп, материалдық көмектер көрсетілді. Бүгінгі таңға демеушілік есебінен қарияларға 664,5 мың теңге көлемінде заттай және азық түліктей демеушілік көрсетілді.
6 Лейкоз және апластикалық анемия ауруымен ауыратын балаларға қосымша дәрі-дәрмекке ОБ –1888,0 мың теңге қаржы қаралып, жыл басынан бері 6 адамға 472,1 мың теңге төленді (7,6 АЕК – 26220);
48 Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға ОБ – 14490,0 мың теңге қаржы қаралып, жыл басынан бері 38 адамға 3484,5 мың теңге (10 АЕК – 34500) төленді.
Әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар бойынша атқарылған жұмыс жайлы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
2023 жылға Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 1170307,0 мың теңге қаралған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған аз қамтылған отбасыларға 2023 жылдың 1 сәуіріне 709 отбасыдан (4248 мүшесі бар) өтініш түсіп, 130675,8 мың теңге тағайындалып, 86493 мың теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың құрамындағы бір жастан алты жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік төлемге жергілікті бюджеттен 82444,0 мың теңге қаржы қаралған. сәуір айының 1 жұлдызына 1127 балаға 17263,8 мың теңге тағайындалып, 11457,4 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі , үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедектігі бар балаларға төленетін материалдық көмек
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегіне 2023 жылға жергілікті бюджеттен 5727,0 мың теңге қаралған. Жыл басынан тұрғын үй көмегіне 40 отбасына (108 мүше) 957,7 мың теңге төленді.
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйек №257-ші шешімімен бекітілген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 12109,0 мың теңге қаралып, жыл басынан 116 өтініш берушіге 3456,8 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атақтар берілген азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы №05-16/149 «Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы» шешіміне сәйкес 2023 жылға 79,0 мың теңге қаралып 1 адамға 19,7 мың теңге тағайындалып, төленді.
Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттердің білім алуына төленетін әлеуметтік көмек .
Өңірге қажет мамандықтар бойынша халықтың осал топтарынан шыққан білім алуға ынталы облыс әкімінің гранты иегері болған 38 студентке 2023 жылға 29395,0 мың теңге қаралған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйден әлеуметтік көмек көрсету саласында атқарылған жұмыстар жайлы
«Мүмкіндігі шектеулі» 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығына байланысты «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес жұмыстар атқарады. Осы заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызмет саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтерді көрсетеді. Қазіргі таңда барлығы 1 бөлімше меңгерушісі, 2 әлеуметтік маман, 38 әлеуметтік қызметкер 150 балаға әлеуметтік қызмет көрсетіп отыр. Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу. Сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығындағы адамдарға аптасына кемінде екі рет барып қызмет көрсетеді.
Жартылай стационар жағдайында 16 мүмкіндігі шектеулі бала «Нұрлы Сенім» қоғамдық қорынан қызмет алып жатыр.
«Мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесіне жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ЖОБ-бойынша І-ІІ топ мүгедектері және зейнеткерлердің
21 өтініштері қаралып, қәзіргі таңда бәрі орындалды.
01 сәуірге аудан бойынша ОЖБ-ның орындалуы жайлы
Мүгедектерді оңалту мәселелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
2023 жылға жеке оңалту бағдарламасы бойынша міндетті гигиеналық құралдар үшін 54412,0 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен субвенция есебінен 28818,0 мың теңге) қаралып, 416 мүгедектігі бар адам толық қамтамасыз етіліп жатыр.
Ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметіне 8260,0 мың теңге, (оның ішінде республикалық бюджеттен субвенция есебінен 3785,0 мың теңге) қаралып, 19 естуі қиын мүгедектігі бар адамдарға, І-топ мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметіне 201883,0 мың теңге қаралып, 144 мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетілуде.
Облыстық бюджеттің есебінен, жыл басынан бері протездік-ортопедиялық қызметпен- 125 адам қамтамасыз етілді.
Сурдотехникалық құралдармен-5 мүгедектігі бар адам, тифлотехникалық құралдармен- 89 мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.
Арнайы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) - 22 мүгедектігі бар адамдар қамтамасыз етілді.
Санаторий-курорттық емделуге- кезегі келген 54 мүгедектігі бар адам жолдама алды.
АХАТ саласында атқарылған жұмыстар жайлы
2023 жылдың наурыз айында АХАЖ бөліміне азаматтардан 202 өтініш келіп түскен, соған сәйкес 149 нәрестенің тууы , 22 жастың некесі 27 азаматтың қайтыс болу туралы , 1 неке бұзу туралы акт жазбалары тіркелді.
Қайталама куәліктер алу жайлы ХҚКО ақпараттық жүйесінен қайталама куәлік алу жайлы 10 өтініш және 6 анықтама алу жайлы өтініш түскен, куәліктер және анықтамалар мерзімінде жолданды.
«Электронды Үкімет Порталы» арқылы некеге тұру туралы 24 өтініш және алғашқы тууды тіркету жайлы 146 өтініш және қайталама куәліктер алу жайлы 24 өтініш түсіп барлығы мерзімінде орындалды.
Наурыз айында ТМД –ды АХАЖ бөлімдері тарапынан келіп түскен хат-хабарларға мерзімінде тиісті жауаптары жолданды.