Жаңақорған ауданының жер қатынастары саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Жалпы жер қатынастары саласы бойынша барлығы 11 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері(мәлімет үшін):

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»;

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»;

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;

«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

2023 жылдың І тоқсаны бойынша барлығы 758 қызмет көрсетіліп (528-электронды түрде, 230-қағаз жүзінде), оның - 687-өтініші қанағаттандырылып, 71-қызмет алушыға заң талаптарына сәйкес тиісті жауап берілген.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға 2023 жылдың І тоқсаны бойынша 257 адам тіркелсе жалпы 10 695 адам кезекті құрап отыр.

Бөліммен 2023 жылдың І тоқсаны бойынша аудандық жер комиссиясында 48 құжат қаралып, жер комиссиясының шешімімен 39-құжат оң болса, 9-құжатқа теріс қорытындылар қабылданды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтінішіне сәйкес көлемі 499,0 гектар болатын 9 жер учаскесі жайылымдық жерден суармалы егістік алқаптарына ауыстырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.05.2018 жылғы №194 бұйрығымен бекітілген «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидалары» негізінде және Жаңақорған аудандық прокуратурасының ұсынысы сәйкес мақсатына сай игерілмей жатқан кәсіпкерлік мақсаттағы 5 (бес) жер учаскелеріне ҚР Жер Кодексінің талаптарына сәйкес шара көру үшін Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 01.02.2023 жылғы №11-2/93 санды хатпен тиісті шаралар атқару және нұсқама беру үшін жолданды.

Жалпы жеке тұрғын үй құрылысы үшін Жаңақорған кенті әкімінің және ауылдық округі әкім аппаратының шешімімен жер учаскесін алған тұлғалармен жалға беруге 164-шарт жасалса, сатып алу туралы  24- шарт жасалынды. 

Дата публикации
10 апреля 2023