Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

2023 жылдың 01 сәуіріндегі мәлімет бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2288,5  млн.теңгені (100,2%) құрады.

Оның ішінде мал шаруашылығы 2282,5 млн.теңгені (100,2%)  және егін шаруашылығы 4,1  млн. теңге (100%)  құрады.

Егіс көлемі

Үстіміздегі жылы аудан бойынша 37 781 гектарға егiс егу межеленіп отыр.

Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын 781 шаруашылық құрылымдарының 485-і егін шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 175 шаруашылық күріш өсіргелі отыр.

Тарқатып айтар болсақ (күріш 8346 га, күздік бидай 3151 га, жаздық бидай 194 га, жаздық арпа 30 га, тары 260 га; дәндік жүгері 700 га, мақсары 2010 га, күнбағыс 46 га, жаңа жоңышқа 5000 га, ескі жоңышқа 14700 га, сүрлемдік жүгері 38 га,қант құмайы 10 га, қант қызылшасы
5 га, картоп 580 га, көкөнiс 616 га, бақша 2095 га).

Әртараптандыру бағытындағы атқарылатын жұмыстар

Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында қосымша жерлер ашылып ұжымдық түрде 295 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру бағытында жұмыстар атқарылуда.

Нақтырақ айтқанда 845 адам отбасылық егістікпен айналысып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен өзін-өзі қамтитын болады.

Бүгінгі таңға шаруашылық жетекшілерінің демеуімен 150 гектарға жуық егістік алқаптары шеңгел, жусандардан тазартылып, 90 гектары қоршаланып  дайындалды. Бұл жұмыстар мамыр айының аяғына дейін жалғасатын болады.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін 3151 гектар күздік бидай егуді және 7300 гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етсе, бірқатар шаруашылықтар тарапынан тамшылатып суару әдісі мен жаңбырлатып суару жүйесіне  басымдық берілуде.

Атап айтқанда Талап ауылдық округінде «Қызылорда Агроплюс» ЖШС-де 5 гектар қызанақ, жаңбырлатқыш суару технологиясымен Қожакент ауылдық округіне қарасты «Береке» шаруа қожалығында
30 гектар алқапқа  жүгері, жоңышқа дақылдарды егілетін болады;

Дата публикации
10 апреля 2023