Жаңақорған ауданы бойынша 68 дене шынықтыру ұжымы спорттың 26 түрімен жұмыс жасайды.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – спорттық жарыстарды көптеп өткізу болса, 2023 жылдың І тоқсан қорытындысымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 62 спорттық іс-шара өткізілсе, оның ішінде 30 ауыл-аймақ, 21 аудандық, 8 облыстық, 1 ҚР чемпионаты, 2 Республикалық деңгейде бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 3400 тұрғын тартылды.
2023 жылғы жоспар бойынша аудан тұрғындарының 39 пайызын дене шынықтырумен тұрақты түрде шұғылдандыру болса, аудан тұрғындарының 33 958-і тұрақты түрде спортпен шұғылдануда. Бұл өз кезегінде 38,5 пайыздық көрсеткішті көрсетті.
Аудан спортшылары жыл басынан бері ҚР чемпионаттарында ұлттық спорт түрі қазақ күресінен және белбеу күресі, самбо күрес, дзюдо, гір спорты, қол күрес және гандболдан 54 медаль иеленді (16 алтын, 28 күміс, 10 қола медаль).