Жаңақорған ауданының мәдениет саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Жаңақорған ауданы бойынша 2 мәдениет үйлері мен 27 ауылдық клубтар, 3 мәдени демалыс кешендері, 9 халықтық өнер ұжымдары, 36 кітапхана,  1 аудандық тарихи өлкетану музейі аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді.       

Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша: 2023 жыл басынан мәдениет үйлері мен клубтарда 209 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оларға 25 316 көрермен қамтылды (оның ішінде онлайн шаралар 8, қаралым -757)       

Мәдениет үйлері мен клубтар жанынан ашылған көркемөнерпаздар үйірмелерінің саны 123, оларға 1298 мүше тартылған. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдер (6-17жас) қатысатын 72 үйірмеде 624, жастар (18-29 жас) қатысатын 41 үйірмеде 516, үлкендер қатысатын  10 үйірмеде 158 қатысушысы бар.

Кітапханалар жүйесі бойынша аудан халқына 36 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Кітапханалардың 1-і типтік ғимаратта (1-аудандық балалар кітапханасы осы ғимаратта орналасқан), 2-і лайықтандырылған  ғимараттарда, 3-і ауыл мектептерінде, 3-і әкімдік ғимараттарында, 2-і жеке үйде,  1 аудандық қаржы бөлімінің ғимаратында, 22-і мәдениет үйлері мен ауылдық клуб ғимараттарында орналасқан. 

Кітапханалар бойынша 248  (онлайн-10, офлайн-238) мәдени көпшілік шара өткізілді, қаралымы  7338.

2023 жылдың 3 айында  аудандық кітапханаға қарасты 36 мемлекеттік    кітапхана 4694 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 64647. Аудан кітапханалары бойынша жалпы кітап қоры 466855-ке жетті. Жыл басынан 660 дана жаңа әдебиеттер түсті.

Аудандық кітапхана қазіргі таңда РАБИС бағдарламасының 4 модулімен («Каталогизатор», «Ізденіс тапсырыс», «Оқырманды тіркеу», «Келушілерді тіркеу»)  жұмыс  жасап отыр.  Қалған ауылдық кітапханалардың барлығы РАБИС бағдарламасының  бірінші модулімен жұмыс  атқарып келеді. РАБИС бағдарламасы 36 кітапханаға орнатылған. Аудан орталығында 4 кітапхана, ауылдық жерлерде 32 кітапхана.

Аудан бойынша мемлекеттік тізімге алынған 43 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, олардың 5-Республикалық дәрежеде (Ақтас мешіті, Айқожа ишан кесенесі, Қарасопы кесенесі, Сығанақ қалашығы, Қорасан ата кесенесі,), 16-жергілікті маңызы бары (Қылауыз ата кесенесі, Қасым ата кесенесі, Төлегатай-Қылышты ата ескерткіш кешені, Қойлақы ата басындағы ескерткіш тас, Аққорған мазары, Аққорған қалашығы, Жалаңаш ата кесенесі, Құмиян қалашығы, Өзгент қалашығы, Көккесене сағанасы, Бұрынғы орыс-қазақ мектебі, Жаңақорған темір жол стансасының үйі, Бесарық су қыспақты мұнарасы,  Төменарық су қыспақты мұнарасы, Бесарық шатқалындағы жартастағы бейнелер, Майдамтал шатқалындағы жартастағы бейнелер), 22 ескерткіш алдын ала есепке алынған (Сунақ ата кесенесі, Бақсайыс ата кесенесі, Қарасопы кесенесі жанындағы мешіт, Сығанақ қалашығы жанындағы мешіт, Төменарық стансасының үйі, Бесарық стансасының үйі, Кент орталығындағы Жеңістің 50 жылдығына арнап орнатылған ескерткіш, Төменарық ауылындағы ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін орнатылған белгі, Қатын қамал үңгірі, И. Әбдікәримовтің мүсіні,   А. Д. Романовтың мүсіні, Мейрамтөбе қалашығы, Келінтөбе қалашығы, Абызтөбе қалашығы, Балапантөбе қалашығы, Асарық қонысы, Көкен батыр мүсіні, Үш ата кесенесі, Ордакент қалашығы, М. Көкенов мүсіні, Қожамберді батыр ескерткіші, Серқұл Алдабергенұлына қойылған белгі).

Мемлекеттік тізімге енгізілген 32 ескерткіштердің төлқұжаттары жасалынған, 40 ескерткіштің қорғау тақтасы орнатылған, 43 ескерткіштің қорғау міндеттемелері жаңаланып, кент және ауылдық округ әкімдеріне тарқатылып берілді.

Дата публикации
07 апреля 2023