Дін саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Ауданымызда діни ахуал тұрақты деп толықтай айта аламыз. Діни шиеленіс тудыратын проблемалық жағдайлар орын алған жоқ. Ауданымызда 36 мешіт ресми тіркелген.

2023 жыл басынан бері діни экстремизм көріністерінің алдын алу мәселелері бойынша 13 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ге жуық адам қамтылды. Мемлекеттік орган қызметкерлерімен 5 кездесу, жастармен 5, тұрғындармен 3 семинар-кеңес өткізілді. 

«Фейсбук» әлеуметтік желісінде аудандық қоғамдық даму бөлімі мен ауылдық округтердің ресми парақшасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуге бағытталған ақпараттық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері 40-тан астам ақпараттық жазбалар, бейнероликтер мен инфографикалар жарияланды. 

Дата публикации
07 апреля 2023