Аудандағы жастар саясаты саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

2023 жылдың І тоқсанына жастардың әлеуметтік – демографиялық сипаттамасын зерделеу барысында 14-35 жас аралығындағы 27627 жас (2022 жылы 14-28 жас аралығы -18 939 жас) анықталып, аудан тұрғындарының (жалпы халық саны - 83000) 31,6 пайызын құрап отыр.

Ауданда жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды қолдау  бағытында 2023 жылға жергілікті бюджеттен 28,318 мың теңге (2022 ж. 23 883,0 мың теңге), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жобаға (2022 жылы – 2 жоба) 5 801,0 мың теңге (2022 жылы – 5 636,0 мың. теңге) бөлінді.

Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары бекітіліп тоқсан сайын өткізу жоспарланған.

І отырысы ү.ж 17 наурыз күні аудан әкімдігінің залында өткізіліп, кеңесте 4 мәселе қаралды.

Дата публикации
07 апреля 2023