2023 жылдың 1 сәуіріне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6872, оның 330 заңды тұлғалар, 2523 шаруа қожалықтары, 4019 жеке кәсіпкерлер. Ондағы белсенді субъектілер саны 6642 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 96,6 пайыз. болып отыр. Жұмыспен қамтылған адамдар саны 01.10.2022ж 8720 адамға жетіп, 38362 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстыру бойынша кәсіпкерліктің сандық және сапалық даму деңгейі келесідей көрсеткіштермен сипатталады:
2023 жылдың 1 наурызына өңірде 594 сауда мен қызмет обьектілері жұмыс істейді, олардың ішінде 18 сауда үйлері, 378 азық-түлік және азық-түлік емес сауда дүкендері, 146 тұрмыстық қызмет көрсету және 59 қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істейді.
2023 жылдың 1 наурызына бөлшек сауда айналымы 933,6 млн теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда индекс өсімі 100,9 пайызды құрап отыр.
Ауданда кәсіпкерлік саласын дамытуда атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер мен қатар атқарылар жұмыстар өте көп. Осыған орай «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында іске асырылатын жаңа жобаларды қолдау, жаңа жұ-мыс орындарын ашу арқылы халықтың әл-аухатын жақсарту, салықтық базаны көбейту, және басқа да кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымдарын дамыту жұмыстары халықтың кәсіп-керлікпен айналысуына одан әрі жағдай жасай беру басты бағытымыз бола береді.
2021– 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы мемлекеттік гранттар беруге байланысты 37 жоба 51,0 миллион теңгені құрайтын грантты жеңіп алды.
2021– 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде
Несие алғандар:
Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы құны 219,3 млн теңге болатын 36 жоба несиемен қаржыландырылды.
Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы құны 254 млн теңгені құрайтын 24 жоба, несиемен қаржыландырылды.
Аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 60 жобаға 473,3 млн теңгенің несиелері алынды. Ал 51 миллион теңгенің 37 жобасына мемлекеттік гранттар жеңіп алынды.
Өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2023 жылың 1 наурызына 17 144 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 86,8 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібін өнімдерін өндіру 2023 жылдың 1 наурызына 11 254 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 86,9 пайызды құрады.
Ауданымыз табиғи қазба байлықтары уран, әктас және полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленеді. Ауданда өнеркәсіп саласы бойынша 4 ірі, 1 орта, 17 шағын заңды тұлғалар жұмыс жасайды. Оның ішінде 1 мекеме полиметалл кенін, 2-і уран өнімдерін өндірумен, 1 күкірт қышқылын өндірумен, 14-і құрылыс заттарын шығарумен, 3-і тамақ өнімдерін өндірумен айналысады. Бұдан басқа ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 23 жеке кәсіпкерлік субъектілері бар. Оның 8-і тамақ өнімдерін, 12 құрылыс заттарын, 3-і жихаз шығарумен тұрақты жұмыс жасауда.
Құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарының өндірісі
Аудандағы құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар әртүрлі фракциялы қиыршықтас, құмды тас қоспасы, доломит, әк т.б құрылысқа қажетті заттарды шығарумен айналысады.
Қазіргі уақытта ауданда құрылыс материалдарын мыналар шығарады:
әртүрлі фракциялы қиыршықтас өнімдерін шығаруда «Управление автомобильных дорог» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «Сарман Тастақ Жаңақорған» ЖШС, әк өнімдерін шығаруда «Премиум Класс-Строй» ЖШС-, «Куат Әк» ЖШС т.б Соңғы жылдары қабырғалық құрылыс материалдарын щығару жылдам қарқын алды. Бұл күндері Жаңақорған кентінің өзінде 20- дан астам шағын цехтар жұмыс істеуде.
Индустриалды - инновациялық даму
Индустриалды – инновациялық даму мақсатында қомақты инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып отырған «Казатомпром» АҚ-на қарайтын уран өндірісімен айналысатын Қызылқұм ЖШС-гі, Байкен-U ЖШС-гі, жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыт салып жатқан СКЗ-U ЖШС-гі, қорғасын-мырыш кенін өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, қиыршық тас өндіретін «КДСМ Қыран» ЖШС-гі, «УАД» ЖШС-гі, «Сарман Тастақ Жаңақорған» ЖШС-гі, әк өндіретін «Премиум Класс-Строй» ЖШС-гі, «Қуат Әк» ЖШС-і компаниялары. Бұл компаниялар заман талабына сай жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану арқасында зор табыстар әкеліп отыр. Жалпы ауданның дамуында негізгі күш жоғары қосымша құны бар жоғары технологиялық өндірістерді құру арқылы ауданның минералды ресурстарды игеру базасында өңдеуші өндірістерді көтеруге салынады.
Алдағы жылдары, индустриялды-инновациялық дамудың үшінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда.
1.«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ң жылдық қуаты 4,0 млн тонна кен байыту фабрикасын салу жобасы бойынша 2022 жылы кеніштің құрылыс жұмыстарын бастауға дайындалуда. Қазіргі таңда «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ң 253 жұмысшысы уақытша қытайлық мердігер компанияларына ауысып жұмыс жасауда. Жоба іске асқан уақытта 1500 адам жұмыспен қамтылады.
2. «Абдулла» шаруа қожалығының жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын іске қосу 2023 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі таңға құрылыс жұмыстары толығымен іске асырылды. (7-құс қорасы ,1-құс сою цехы, 1-балапан ашатын цехы, 1-әкімшілік ғимараты,1-техникалық қызмет көрсету ғимараты). Арнайы қызмет көрсететін техникалар алынды. Құс фабрикасының жобасы өңірлік индустрияландыру картасына енгізіліп, инфрақұрылымдарын жеткізу жобалары бойынша жұмыстардың жүргізілуі күтілуде. Бұл құс фабрикасы облыс халқының тұтынатын құс етінің 33 пайызын беретін болады. Жоба іске асқан уақытта 110 адам жұмыспен қамтылады.
3. «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің қуаты жылына 24 мың тонна томат пастасын өндіру жобасы. Серіктестік 2020 жылдың 16 қарашасында томат өндіру мақсатында егілетін қызанаққа 2995 гектар жер телімін 7 жыл мерзімге жалға алды. Сонымен қатар, «Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» мекемесімен Сырдария суын пайдалану үшін келісім алынып, су объектілерінің құрылыс жұмыстарына сәулет жоспарлау тапсырмасы алынып, қазіргі таңда экологиялық жоба жасалып жатыр (ОВОС). Жоба іске асқан уақытта 150 адам жұмыспен қамтылады.
Бүгінгі таңда Жаңақорған кентінің аумағынан томат зауытын салу үшін 30 гектар жер телімі белгіленіп отыр.
4. «Майнинг Консалт Ко» ЖШС-нің полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салу жобасы. Жылдық қуаты 1200 мың тонна кен өндіру. Ашылатын жұмыс орны 1216 адам. Жобаның жалпы құны 53 млрд 491 млн теңге. Ағымдағы жылы 400 млн. теңге қаржы бөлініп бұрғылау жұмыстарын 3 мердігер компания, геологиялық қызмет көрсетуге 2 компания жұмыс жасауда. Бұл жұмыстары үстіміздегі жылы бітіп келесі жылдан бастап негізгі жұмыстарға кірісуді жоспарлауда. Жобаның іске асыру уақыты 2022-2039 жылдар.
Аудан бойынша Индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарлама аясында Республикалық индустрияландыру картасына 1 жоба, өңірлік индустрияландыру картасына 2 жоба енді.
2023 жылдың 1 наурызына негізгі капиталға салынған инвестиция 2 585 млн. теңге болып өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 158,6 пайызға орындалып отыр.
Туризм саласы туралы мәліметтер
Жаңақорған ауданында туризм саласы бойынша 15 – тіркелген субьектілер бар, оның: 2 - балалар тынығу лагері, 6 - қонақ үй, 4 - шипажай, 3 - шипажай маңындағы демалыс орындары. Сонымен бірге аудан бойынша «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойында жалпы құны 1 млрд. 356 млн. теңгені құрайтын 5 жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандары ашылып, жұмыс жасауда.
2022 жылы «Жан-Арай» ЖШС-гі осы жол бойы қызмет көрсету кешенінің жанынан 100 орындық емдік балшықпен емдейтін шипажай құрылысын бастады. Бұл жоба 2023 жылы іске асырылады жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 1200 млн. теңге.
Жаңақорған ауданының туристтік маршруттары –«Сығанақ»– орта ғасырлық тарихи қала орыны, «Көккесене»–Гүлбаршын ананың кесенесі, «Қатын Қамал» – Қаратау қатпарындағы ежелгі тарихы үңгір, «Таңбалы Тас» – Қаратау сілемдеріндегі ежелгі таңбалы тастар, Бесарық өзенінің шатқалындағы ежелгі адамдардың жазған петроглифтері, «Ақтас» мешіті - Айқожа кесенесі, «Құмиян» – тарихи қалашық орыны, «Өзгент» – Көне Өзгент тарихи қала орыны, «Төлегетай» – Қылышты ата кесенесі, «Қорасан» кесене мазараты.Қылауыз ата, Қасым ата және Үш ата кесенелері.