Жаңақорған ауданы бойынша жұмыспен қамту саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Жыл басынан  жұмыс іздеуші ретінде  Халықты жұмыспен қамту орталығына 2949 хабарласса(жастары-834), жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 1847 адам (жалпы хабарласқандарға ша ққандардың 62 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Ресми жұмыссыз ретінде  тіркелгендер саны - 2276, осыдан 01.04.2023 ж ресми жұмыссыздар саны - 2649. (2022 жылдан 2023 жылға жалғастырушы жұмыссыздар санын қоса алғанда).

Атап айтқанда:

- Тұрақты жұмыс орындарына- 226 адам(оның ішінде жастары-78);

- Әлеуметтік жұмыс орындарына-60 адам;

- Жастар практикасына-17 адам. 2022 жылдан 2023 жылға 205 адам жалғастыруда;

- Қоғамдық жұмыс орындарына-1018;

- Мемлекеттік грант алған - 37 адам;

- «Алғашқы жұмыс оырндарына» - 14; 2022 жылдан 2023жылға 32 адам жалғастыруда;

- «Ұрпақтар келісім шартына» - 1адам; 2022 жылдан 2023 жылға 5 адам жалғастырды;

- «Бастау –бизнес» жобасына оқуға жолданғандар - 405 адам;

- Күміс жас  жобасына қатысқандар саны-69;

2023 жылы 3175 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды.                                      

Осыдан жоспарланған 3175 жаңа жұмыс орнынан 1450 жаңа жұмыс орындары құрылып, жылдық жоспар 45,6 пайызға орындалды.Тұрақтысы 264 немесе  18 пайыз.

Ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізу жоспарланса, бүгінгі таңға1 рет өткізіліп, 15 жұмыс беруші 42 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 3 азаматқа жолдама берілді.

Нысаналы топтағы 153 адам хабарласып, жұмысқа орналасқаны 21 немесе 13 пайыз. Оның ішінде хабарласқаны: мүгедектер – 148, жазасын өтеп келгендер – 5. Осыдан жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер- 16(жоспар-40) есептік кезенге 40 пайыз. жазасын өтеп келгендер -578

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша

Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру;

Бұл  бағыт бойынша:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау ;

2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (қайта даярлауға)  ағымдағы жылға жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес, облыстық бюджеттен 55 адамға 24764,0 мың теңге қаржы бөлінді. Барлық ауылдық округтерден жинақталып жұмыс берушінің сұранысына сәйкес мамыр айында жолдау жоспарланып отыр

Кәсіпкерлердің өсуін аксеперациялау;.

Бұл  бағыт бойынша:

Ағымдағы жылы ауданымыздан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша «ENBEK BUSSINES» порталы арқылы 405 оқуға өтініш тапсырды.

«Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа ағымдағы жылға Республикалық бюджеттен  жаңа жоспар бойынша 149 адамға 205320,0 мың теңге, қаржы қаралған.Осыдан қәзіргі таңға 37 адамға грант берілді

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылыкәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту.

Бұл бағыт бойынша:

1) Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері  Республикалық бюджеттен  39744,0 мың теңге қаржы қаралған. Осыған 55 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңда 25 жұмыс берушіге  60 адам жолданды.Әйелдер саны-24.Жастар саны-9.Игерілген қаржы-3937,0 мың теңге.

2) Жастар практикасын ұйымдастыруға Республикалық бюджеттен 490590,0 мың теңге  қаралған.Осыған 395 адам жолдау жоспарланып қазіргі таңға 13 мекемеге 17 адам жолданды. Әйелдер саны-10.  Игерілген қаржы-31695,0 мың теңге.

3) Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға 797 адамға республикалық  бюджеттен 959916,0, мың теңге қаралған. Осыдан бүгінгі таңға 1018 адам жолданды. Әйелдер саны-706, жастар саны-267,мүмкіндігі шектеулі адамдардар саны -37.

 4) Алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 92529,0 мың теңге қаралып, осыдан 14 адам жолданды.Әйелдер саны-10.

5) Ұрпақтар сабақтастығын ұйымдастыруға республикалық  бюджеттен ағымдағы жылға 1863,0 мың теңге қаралған.Осыған 3 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңға  1 адам жолданды. 2022 жылдан 2023 жылға  5 адам жалғастыруда.

6) Күміс жас жобасын  ұйымдастыруға Республикалық бюджеттен   ағымдағы жылға 36515,0 мың теңге қаралған.Осыған 42 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 69 адам жолданып отыр.Әйелдер саны - 15.

Дата публикации
07 апреля 2023