Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстар жайлы мәлімет

«Жаңақорған ауданы, Бірлік елді мекеніне АГРС-Жаңақорған және кентішілік газ тарату желілерінен жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу» жұмыстарына мемлекеттік сатып алудың «ашық конкурс» тәсілімен 758 302,1 мың теңге жарияланып, нәтижесінде 720 387,0 мың теңгеге «Gas Energy Construction" ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Техникалық қадағалауға 24 570,0 мың теңге сатып алу жарияланып,  нәтижесінде 22 122,1 мың теңгеге «Аймереке» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Авторлық қадағалауға «Газсервис и К» ЖШС-мен 8 492,8 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Республикалық бюджеттен 675 892,0 мың теңге және аудандықтан бюджеттен 5 346,2 мың теңге қаржыландырылып, 2022 жылы толық игерілді. Қалған 69 763,9 мың теңге қаржысы 2023 жылы облыстық бюджеттен қаржыландырылып, қосымша келісім шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанды толық аяқтап, пайдалануға қабылдау мерзімі 15.04.2023 жыл.

«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия кенті мен Құттықожа елді мекенінің кентішілік газ тарату желілерін және Жаңақорған АГТС-тан бастап тартылатын жоғары қысымды газ құбырын салу» жұмыс жобасына мемлекеттік сатып алудың «ашық конкурс» тәсілімен 668 307,2 мың теңгеге жарияланды. Нәтижесінде «Gas Energy Construction" ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Аталған жұмыстарды бастауға 2022 жылы аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге қаржы бөлінді. 2023 жылға Республикалық бюджеттен 703 000,0 мың. теңге, облыстық бюджеттен 78 113,8 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды жүргізу мерзімі 8 ай.

«Жаңақорған ауданы, Төменарық елді мекеніне АГРС-Жаңақорған және кентішілік газ тарату желілерінен жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу» жұмыс жобасына мемлекеттік сатып алудың «ашық конкурс» тәсілімен 1 989 732,9 мың теңгеге жарияланды. Нәтижесінде «Алия – Сервис» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылып, келісім шарт жасалды. Аталған жұмыстарды бастауға 2022 жылы аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2022-2024 жылдарға жоспарланған. 2023 жылға Республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 229 9841,0 мың теңге бөлінді. 2023 жылғы республикалық бюджетті нақтылауға 969 493,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

«Кейден елді мекеніне газ тарату желілерін және жоғарғы қысымды таратылатын газ құбырын салу» жұмыстарына мемлекеттік сатып алудың «ашық конкурс» тәсілімен 381 000,0 мың теңгеге жарияланып, нәтижесінде 347 334,0 мың теңгеге "Ремстрой» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылып, келісім шарт жасалды. 2023 жылға Республикалық бюджеттен 343 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 38 156,0 мың қаралып, жұмыстар басталды. Жұмыстарды орындау мерзімі «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан» құрылыс жұмыстарына рұқсат алғаннан кейін 6 ай.

«Жайылма елді мекенінде ауылішілік газ тарату желілерін және жоғарғы қысымды таратылатын газ құбырын салу» жұмыстарына мемлекеттік сатып алудың «ашық конкурс» тәсілімен 455 000,0 мың теңге жарияланып, нәтижесінде 415 000,0 мың теңгеге "Ремстрой» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. 2023 жылға Республикалық бюджеттен 410 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 45 559,4 мың теңге қаралып, жұмыстар басталды. Жұмыстарды орындау мерзімі «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан» құрылыс жұмыстарына рұқсат алғаннан кейін 6 ай.

Бизнесті қолдау бойынша, 2022 жылы «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Қожамберді – Бірлестік» АӨК-ні электрмен жабдықтау» жобасының құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілді. Республикалық бюджеттен бөлінген 78,7 млн. теңге қаржысы толық игерілді. 2023 жылға облыстық бюджеттен 8,4 млн. теңге қосымша қаржыландыру жүргізіліп, қосымша шарттар жасалуда.

Демеушілік есебінен 2023 жылдың басында құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 10 бюджеттік инвестициялық жобалар (Екпінді, Қожамберді, Сүттіқұдық, Ақүйік, Қосүйеңкі, Жаңарық, Өзгент, Ақсуат, Аққорған, Қаратөбе елді мекенерінде тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысы (электр желісі) әзірленіп, жоғары тұрғын ведомстволарға бюджеттік өтінімдер ұсынылды.

Жаңақорған кенті, Н. Түршекұлы көшесіне жарық шамдарын орнату жұмыстарына – 52 045,9 мың теңгеге сатып алу жарияланып, нәтижесінде «Кошеков Нурлан Кенесович» ЖК-гі 49 443,6 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңда келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды орындау мерзімі «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан» құрылыс жұмыстарына рұқсат алғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде.

Жаңақорған кенті, А. Мұхаметжанов көшесіне жарық шамдарын орнату жұмыстарына – 29 787,5 мың теңгеге сатып алу жарияланып, нәтижесінде «КОШЕКОВ НУРЛАН КЕНЕСОВИЧ» ЖК-гі 28 298,1 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңда келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды орындау мерзімі «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан» құрылыс жұмыстарына рұқсат алғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде.

Жаңақорған кенті, А. Бектібаев көшесіне жарық шамдарын орнату жұмыстарына – 60 396,5 мың теңгеге сатып алу жарияланып, нәтижесінде «КОШЕКОВ НУРЛАН КЕНЕСОВИЧ» ЖК-гі 57 351,0 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңда келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды орындау мерзімі «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан» құрылыс жұмыстарына рұқсат алғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде.

Жаңақорған кенті, А. Шонабаев көшесіне жарық шамдарын орнату жұмыстарына – 37 415,7 мың теңгеге сатып алу жарияланып, нәтижесінде «КОШЕКОВ НУРЛАН КЕНЕСОВИЧ» ЖК-гі 35 544,9 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңда келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды орындау мерзімі «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан» құрылыс жұмыстарына рұқсат алғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде.

Жаңақорған ауданының аудандық маңыздағы жалпы ұзындығы 192,1 шақырым автомобиль жолдары бар. 2023 жылы аталған жолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін 35 904,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып танылған «Аңсар Строй» ЖШС-мен келісім шарт жасалуда. Жыл соңына дейін аудандық маңыздағы автомобиль жолдарында пайда болған ой-шұңқырларды жөндеу, жол үсті таңбасын жаңарту, жол белгілерін жөндеу және сырлау, қысқы мезгілде жол үстін қардан тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Аудандық маңыздағы «Әбдіғаппар-Төлегетай-Хорасан ата»  автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізу» жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге – 2 104,0 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыға сатып алу жұмыстары нәтижесінде жеңімпаз болып танылған «ПРОИНСЕТ» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жоба-сметалық құжаттары жасалуда. Құжаттарды әзірлеу мерзімі 2 ай.

Аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Екпінді» автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге – 1 859,7 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыға сатып алу жұмыстары нәтижесінде жеңімпаз болып танылған «Ремпроект» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жоба-сметалық құжаттары жасалуда. Құжаттарды әзірлеу мерзімі 2 ай.

Жаңақорған кентіндегі жол белгілерін ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына – 5 569,4 мың теңге қаржы қаралған. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігер мекеме анықталып, 80 дана жол белгілері жөнделіп, жаңадан 20 дана белгілері орнатылды.

Жаңақорған кентіндегі бағдаршамдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына – 2 069,4 мың теңге қаржы қаралған. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігер мекеме анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңақорған кенті көшелерінің жол үсті таңбасын және жаяу жүргіншілер жолағын сызуға – 10 074,0 мың теңге қаржы қаралған. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз мекеме «БАМТТ» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, кент орталығының басты көшелерінің және білім беру мекемелерінің айналасындағы жаяу жүргіншілер өткелінің жол үсті таңбалары жаңартылды.

Жаңақорған ауданы Қожамберді ауылдық округінің №262 орта мектебі орналасқан М.Шадиков көшесіне жолда жүру қозғалысының белгілері мен жасанды жол кедергісін орнатуға – 447,0 мың теңге қаржы қаралып, сатып алу нәтижесінде анықталған мердігермен келісім шарт жасалуда. Ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін жұмыстар орындалатын болады.

Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округіне жолда жүру қозғалысының белгілерін орнатуға – 2 894,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың мамыр айының соңына дейін елді мекенге жол белгілері орнатылатын болады.

Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылдық округіне жолда жүру қозғалысының белгілерін орнатуға – 1 319,0 мың теңге қаржы қаралған. Мемлекеттік сатып алу жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың мамыр айының соңына дейін елді мекенге жол белгілері орнатылатын болады.

Дата публикации
06 апреля 2023