Жаңақорған аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының хабары

 Жаңақорған аудандық  мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-, 105- баптарына сәйкес және кандидаттың өтініші негізінде округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы     16 наурыздағы шешімімен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Кенжеев Батырбек  Балабекұлының № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жаңақорған аудандық  мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 16 ақпандағы шешімінің күші жойылды.

Дата публикации
17 марта 2023