«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №388 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №388 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Респубикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 109-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Респубикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына
сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюжет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №388 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
    7104 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше
 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

         1) кірістер –23 809714,8мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 2044828мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 7 045 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 43 743 мың теңге;

         трансферттердің түсімдері –21 714098,8мың теңге;

         2) шығындар – 23 927725,9мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредит беру – 1 464 614мың теңге:

         бюджеттік кредиттер – 1585137 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 120 523 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 1 464 614мың теңге;

         6) бюджет тапшылығы қаржыландыру (профицитін пайдалану)
– 1 464 614мың теңге;

7) бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары –118 011,1 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Жаңақорған аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLV сессиясының төрағасы

 

А. Кыстаубаева

Жаңақорған аудандық мәслихаты хатшысының уақытша міндетін атқарушы

 

С. Абдуллаев

Дата публикации
17 июня 2020