2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2020 - 2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше  1, 2 және  3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

         1) кірістер – 17 545 159  мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 2 184 302  мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 20 142  мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 67 604  мың теңге;

         трансферттердің түсімдері – 15 273 108  мың теңге;

         2) шығындар – 17 545 159 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредит беру – 0:

         бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу –  0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

         6) бюджет тапшылығы қаржыландыру (профицитін пайдалану) –0.

  1. 2019 жылға аудандық бюджет пен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативі төмендегідей болып белгіленсін:

- төлем көзінен салық салынатын табыстардан және төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы   – облыстық бюджетке – 50 пайыз, аудандық бюджетке – 50 пайыз;

- әлеуметтік салық облыстық бюджетке – 50 пайыз, аудандық бюджетке     – 50 пайыз;

  1. 2020 жылға арналған аудандық бюджетті атқару барысында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар 4- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. 2020 жылға арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі

5- қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5.Ауданның жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылға арналған резерві 22 902 мың теңге болып белгіленсін.

  1. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте, аудандық бюджеттен кенттер мен ауылдық округтар бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 3 925 895 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Жаңақорған кенті  1 417 886  мың теңге;

Шалқия кенті  109 479  мың теңге;

Келінтөбе ауылдық округі  139 839 мың теңге;

Аққорған ауылдық округі  295 030 мың теңге;

Қожакент ауылдық округі 133 038 мың теңге;

Сұнақата ауылдық округі 103 546  мың теңге;

Төменарық ауылдық округі 195 321 мың теңге;

Сүттіқұдық ауылдық округі  147 122 мың теңге;

Ақүйік ауылдық округі  135 060 мың теңге;

Бесарық ауылдық округі  145 150  мың теңге;

Жаңарық ауылдық округі  91 402  мың теңге;

Қандөз ауылдық округі 71 639 мың теңге;

Қаратөбе ауылдық округі  88 795 мың теңге;

Өзгент ауылдық округі 92 549 мың теңге;

Қыркеңсе ауылдық округі 97 412 мың теңге;

Байкенже ауылдық округі 68 108 мың теңге;

Кейден ауылдық округі 68 771 мың теңге;

Жайылма ауылдық округі 78 259 мың теңге;

М.Нәлібаев ауылдық округі  67 477  мың теңге;

Көктөбе ауылдық округі 51 477 мың теңге;

Екпінді ауылдық округі 43 558 мың теңге;

Талап ауылдық округі 72 832 мың теңге;

Манап ауылдық округі 59 307 мың теңге;

Қосүйеңкі ауылдық округі 56 103 мың теңге;

Қыраш ауылдық округі 44 257 мың теңге;

Қожамберді ауылдық округі 52 478 мың теңге.

  1. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
    8 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес, 2019-2021 жылдары аудандық бюджеттен қаржыландыратын азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мамандарына қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықақы мен тарифтiк ставкаларының
    25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы көзделсін.
  2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Жаңақорған аудандық                                           Жаңақорған аудандық

мәслихатының кезекті                                           мәслихатының хатшысы

 **** сессиясының төрағасы

 

                                                                                      Е. Ильясов

2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Дата публикации
12 декабря 2019