Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

ЖОБА

 

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабы, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Жаңақорған аудандық  мәслихатының 2016 жылғы «12» ақпандағы № 361  шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5396 нөмірімен тіркелген, «Жаңақорған  тынысы» газетінің 2016 жылғы «19» наурыздағы және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы  «20» сәуір жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

__________ аудандық мәслихатының кезекті/кезектен тыс ___ сессиясының төрағасы

 

________________

 

__________ аудандық

мәслихатының хатшысы

 

 

________________

 

_________ аудандық мәслихатының

20__ жылғы «__» ________ № ____ шешіміне

қосымша

 

 

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

 

 

  1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

мен олардың шекті толу нормалары

 

  1. Жаңақорған ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары айқындалсын:

1) Жиналыстар, митингілер ұйымдастыру және өткізу үшін:

  1. Жаңақорған кенті бойынша:

1) Ыбырай Алтынсарин көшесіндегі №21  үй тұсындағы бос алаң,  шекті толу нормасы -  400 адамға дейін

2) Тәуелсіздік көшесінің бойындағы спорт кешенінің тұсындағы бос алаң , шекті толу нормасы - 500 адамға дейін     

  1. Шалқия кенті бойынша:

1) Қаныш Сатбаев көшесі мен Шоманбай Абжалов көшелерінің  қиылысындағы Қаныш Сатбаев №1 тұрғын үй тұсындағы бос алаңқай, шекті толу нормасы -  250 адамға дейін     

  1. Талап ауылдық округі бойынша:

 1)Бесарық бекеті, Тәуелсіздік көшесі № 14 үйдің қарсы бетіндегі бос аумақ,  шекті толу нормасы -  250 адамға дейін     

  1. Машбек Нәлібаев ауылдық округі бойынша:

1) Абылайхан көшесі № 8 үй тұсындағы бос  аумақ, шекті толу нормасы -  90 адамға дейін,     

  1. Төменарық ауылдық округі бойынша

1)Рахманберді  Бимұратов пен Құдабай  Наурызбаев көшелерінің қиылысы № 1Б үй тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы - 160 адамға дейін     

  1. Кейден ауылдық округі бойынша:

1)Сырдария көшесі № 44 үй тұсындағы бос  аумақ, шекті толу нормасы –100 адамға дейін,     

  1. Манап ауылдық округі бойынша:

1) Манап ауылы:

Пірімқұл Керімқұлұлы көшесі № 21 үй тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы 80 адамға дейін,    

2)Талап бекеті:

Жұмағали Сейдалиев көшесі  № 12 үй тұсындағы бос аумақ шекті толу нормасы - 80 адамға дейін     

  1. Қожамберді ауылдық округі бойынша:

1) Шаймен ақын  көшесімен Байкенже Жантілесов көшесінің қиылысындағы  № 2 тұрғын үй  тұсындағы бос аумақ; шекті толу нормасы -  90 адамға дейін     

  1. Ақүйік ауылдық округі бойынша:

1)Нұрғали Түршеков пен Палуан Бейсенбайұлы көшелерінің қиылысы

№ 74 үй тұсындағы бос аумақ шекті толу нормасы -  200 адамға дейін     

  1. Өзгент ауылдық округі

1) Исатай Абдукаримов көшесі  № 14 үй тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы - 150 адамға дейін     

  1. Сунақ ата ауылдық округі бойынша:

1) Сығанақ  көшесі  бойындағы № 33 тұрғын үй жанындағы бос аумақ, шекті толу нормасы - 120 адамға дейін     

  1. Байкенже аулдық округі бойынша

1) Қалкөз Сіргебайұлы көшесінің бойындағы «Бейсенбек Ақылбекұлы» атындағы саябақ жанындағы бос аумақ, шекті толу нормасы - 100 адамға дейін     

  1. Бесарық ауылдық округі бойынша:

1) Файзулла Көзібаев даңғылы мен Жаңа көше қиылысындағы  бос аумақ, шекті толу нормасы - 200 адамға дейін     

  1. Қожакент ауылдық округі бойынша:

1) Арапбек Әбиев мен Әлжан Төлегенұлы көшелерінің қиылысындағы Арапбек Абиев №21 тұрғын үй тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы -

90 адамға дейін     

  1. Қосүйеңкі ауылдық округі бойынша:

1) Бибіш Смағұлова көшесі  №19 тұрғын үй тұсындағы  бос аумақ, шекті толу нормасы - 70 адамға дейін     

  1. Аққорған ауылдық округі бойынша:

1)Нұртай Палымбетов көшесі  № 1/б үй тұсындағы  бос аумақ,  шекті толу нормасы -  80 адамға дейін,     

  1. Екпінді ауылдық округі бойынша:

1)Ержан Жексенбиев Бекжұман ата   көшелерінің қиылысындағы №18 тұсындағы  бос аумақ, шекті толу нормасы  - 160 адамға дейін     

  1. Көктөбе ауылдық округі бойынша:

1) Бейбітшілік көшесі  мен орталық көшенің қиылысындағы №7 тұрғын үй тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы  - 90 адамға дейін     

  1. Қаратөбе ауылдық округі бойынша:

Абай Құнанбаев көшесінің бойымен Нағима Бодықова көшесінің қиылысы Нағима Бодықова  № 15 үй тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы - 80 адамға дейін     

20) Қыркеңсе ауылдық округі бойынша:

1) Төле би көшесі мен Тасу Қабанов көшелерінің қиылысындағы бос аумақ, шекті толу нормасы - 40 адамға дейін     

21)  Жаңарық ауылдық округі бойынша  :

1)Абай Құнанбаев пен Мүташ Ахатаев көшелерінің қиылысы Абай Құнанбаев көшесі №21 тұрғын үй тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы –70 адамға дейін,     

 22)  Жайылма ауылдық округі бойынша:

1) Төленбек Құдиярұлы көшесі № 10 тұрғын  үй тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы – 80 адамға дейін,

 23) Сүттіқұдық ауылдық округі бойынша:

1)Ыбырай Алтынсарин көшесі № 27 тұрғын үй тұсындағы бос аумақ,  шекті толу нормасы – 140 адамға дейін,     

24) Келінтөбе ауылдық округі бойынша:

1)Мұхтар Әуезов көшесі  №16 а клуб үйінің тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы – 100 адамға дейін     

25) Қандөз ауылдық округі бойынша :

1)Әбсадық  Әбсеметов көшесі № 15 үй тұсындағы бос аумақ, шекті толу нормасы – 60 адамға дейін     

26) Қыраш ауылдық округіндегі бойынша:

1)  Бейбітшілік көшесінің №6 тұрғын үй тұсындағы  бос аумақ, шекті толу нормасы – 160 адамға дейін   

  1. Демонстрациялар мен шерулер үшін жүру маршруты:

 1) Жаңақорған кенті,  Ыбырай Алтынсарин №21 үй тұсынан  Заңғар 2 сауда үйіне дейінгі аралық; Ұзындығы: 1200 метр .

 2)  Жаңақорған кенті, Алиасқар Сұлтанов пен Сапарбай Сұлтанмұратов көшелерінің аралығы; Ұзындығы: 400 метр.    

 Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.

  1. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
  2. Жаппай жерлеу орындарында, теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда, қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда, магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады

 

 

  1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

 

  1. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00 ден ерте бастауға және сағат 20:00ден кеш аяқтауға болмайды. Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
  2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін Жаңақорған ауданының әкімдігі бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
  3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір уақытта, дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.
  4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда тазалықты сақтауы және тәртіпті қолдауы, қалалар мен елді-мекендердің абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермеуі, сонымен қатар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының
    2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2-тармағы және 6-бабының 2-тармағында белгіленген міндеттерді сақтауы тиіс.
  5. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды, адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауды, жол қозғалысын реттеуді,
    өрт қауіпсіздігін, жаппай тәртіпсіздіктің және топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуді қамтамасыз етеді.
  6. Денсаулық сақтау ұйымдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезіндегі науқастарды қабылдауды және медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
  7. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға мыналарға тыйым салынады:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;

2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;

3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;

4) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;

5) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;

6) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда,
бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;

7) және жасағаны үшін жауапкершілігі қолданыстағы заңнамаларда белгіленген 
өзге де құқыққа қарсы әрекеттер.

 

 

  1. Бейбіт жиналыстарды тоқтату үшін мыналар негіздер болып табылады:

1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және (немесе) қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатердің төнуі, мүлікке, оның ішінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасынан асып түсу салдарынан нұқсан келтіру;

2) әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзуға үндеулер;

3) бейбіт жиналыстарды өткізу нысанын өзгерту;

4) Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайлар басталғанда;

5) ұйымдастырушының бейбіт жиналыс өткізуден бас тартуы;

6) бейбіт жиналыс өткізу уақытының өтуі.

Жаңақорған ауданы әкімдігінің өкілі бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан не оларға қатысушылардан бейбіт жиналыстарды өз еркімен тоқтатуды талап етеді және бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талапты орындау үшін уақыт белгілейді.

Бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талап орындалмаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейбіт жиналыстарды мәжбүрлеп тоқтату жөнінде қажетті шараларды қолданады.

  1. Мемлекеттік органдардың, Жаңақорған ауданы әкімдігінің, олардың лауазымды адамдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

 

 

  1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

 

  1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мүмкіндігіне қарай сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғылармен, электр желілеріне қосылатын нүктелермен, қоқысқа арналған құтылармен, ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен қамтылуы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтерге сәйкес абаттандырылған болуы қажет.
  2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
  3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізу үшін арнайы орындарда жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың, қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.
  4. Жаңақорған ауданы әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

 

 

  1. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

 

  1. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

1) жаппай жерлеу орындарының іргелес аумақтың шекарасынан - 150 метр;

2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 150  метр;

3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 150  метр;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 150  метр;

5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан -150 метр;

6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 150  метр.

Дата публикации
10 июня 2020