2023 жылғы 29 қаңтарда өткізілген Жаңарық ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабары
2023 жылғы 29 қаңтарда Жаңақорған ауданы бойынша Жаңарық ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Жаңарық ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Жаңарық ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1107 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 801 адам немесе 72,36 пайызы алды. Дауыс беруге 801 адам қатысты, оның ішінде дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 18 сайлаушы дауыс берді.
Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан жарамсыз деп танылған сайлау бюллетені жоқ.
Жаңарық ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
Дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан Абишев Абдималик Курбанхожаевич үшін - 112, Бектибаев Нургиса Танабаевич үшін - 64, Кулатаев Серикбай Садвакасович үшін - 591 дауыс, барлығына қарсы –34 дауыс берілді.
Кулатаев Серикбай Садвакасович Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Кулатаев Серикбай Садвакасович -1963 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, мамандығы инженер-механик, Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, Жаңарық ауылында тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2023 жылғы 30 қаңтардағы шешімімен 2023 жылғы 29 қаңтарда өткізілген сайлаудың қорытындысы бойынша Жаңарық ауылдық округінің әкіміне сайланған әкім ретінде Кулатаев Серикбай Садвакасовичты тіркеді.
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы