№306,318,335 учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы

№306,318,335  учаскелік
сайлау   комиссияларының
шығып қалған мүшелерінің
орнына тағайындау туралы


«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Жаңақорған  ауданы мәслихатының 2023 жылғы қаңтардағы №02-09/49  хатының негізінде Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін №306 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Муспенова Гулмира Нуралиевна, №318 учаскелік сайлау  комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Маханбетов Бауыржан Абаевич, №335 учаскелік сайлау  комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына   Мусахметова Куралай Шазатовна тағайындалсын.

2. Осы қаулы Жаңақорған ауданының мәслихатына және тиісті учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын..

 

Аудандық  сайлау комиссиясының төрағасы                                                               С. Ибрагимов

Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                                                               Б. Доспанбетов

Дата публикации
19 января 2023