2023 жылғы 29 қаңтарға тағайындалған Жаңарық ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидаттарды тіркеу туралы қорытынды хабар

1. Барлығы 4- кандидат ұсынылған, оның ішінде 1-і саяси партиялармен, 3-і өзін-өзі ұсыну жолымен.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күнгі сағат 18.00 жағдай бойынша 3  кандидат тіркелді, оның ішінде 1-і саяси партиялармен,  2-і өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендіктен ұсынылған 1-кандидат кандидаттар тізімінен шығарылды.

3. Тіркелген кандидаттар мен олардың жұбайларының тапсырған декларацияларының анықтығын тексеру үшін мемлекеттік кірістер органдарына және арнаулы тексеру үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттары жолданды.

4. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды.

Кандидаттарды ұсыну мен тіркеу туралы хабарламалар АСК интернет-парақшасында орналастырылған.

5. Ұсыну мен тіркеу кезінде аудандық сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.

Жаңарық ауылдық округінің әкімдігіне тіркелген кандидаттар

Абишев Абдималик Курбанхожаевич-1968 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, №196 орта мектепте мұғалім, М. Нәлібаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Бектибаев Нургиса Танабаевич-1984 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Байкенже  ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, Жаңақорған кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Кулатаев Серикбай Садвакасович-1963 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, Жаңарық ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған

Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 января 2023