Халық саны 01.01.2023 – 80 422
Қаржы
2023 жылдың 1-қаңтарына аудан бюджетінің жалпы кірістері 100,5 пайызға орындалды (болжам 23 483 294,6 мың теңге, бюджет кірісіне нақты түскені 23 609 957,2 мың теңге), аудан бюджетіне артық түскені 126 662,6 мың теңге (2022 жылдың 1-қаңтарына жалпы кірістер 100,9 пайыз, 181 781,6 мың теңге артық түсім болған).
Аудан бюджетінің өз кірістері 103,9 пайызға орындалды, оның ішінде салықтық түсімдер 102 191,7 мың теңгеге артық түсіммен, 103,3 пайызға орындалды (есепті жылға жоспар 3 122 466,6 мың теңге, орындалуы 3 224 658,3 мың теңге).
Салыққа жатпайтын түсімдер 3 996,3 мың теңге артық түсіммен, 117,6 пайызға орындалды (есепті жылға жоспар 22 720,0 мың теңге, орындалуы 26 716,3 мың теңге).
Капиталды сатудан түсетін түсімдер 20 474,6 мың теңге артық түсіммен 132,5 пайызға орындалды (есепті жылға жоспар 62 916,0 мың теңге, орындалуы 83 390,6 мың теңге).
Аудан бюджетінің шығыстары 2023 жылдың 1-қаңтарына 99,7 пайызға орындалды. Есепті жылға нақтыланып жоспарланғаны 24 107 283,9 мың теңге ал, атқарылу барысы 24 042 007,2 мың теңге ге орындалып, 65 276,7 мың теңге қалдық құралды.