Жаңақорған ауданының денсаулық саласында 2022 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

2022 жылдың 12 айында аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде интеграцияланған тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген Жол карталары аясында медициналық қызметтер көрсетілді. 75633 аудан халқына 185 орынға арналған тәуліктік орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана (15 төсек), 1 аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, 50 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ қызмет көрсетті. 1 жалпы тәжірибелі дәрігердің жүктемесі орташа есеппен алғанда 1520 болып отыр.

Кадрлық қызмет: Ұйымда 172 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, дәрігермен қамтылу деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 22.6, дәрігерлердің 100-нің немесе 58.1%-ның біліктілік санаттары бар. Орта буынды мамандар - 838, олардың 557-ы немесе 66.4%-ның біліктілік санаты бар.

Дата публикации
10 января 2023