Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2022 жылдың қорытындысы бойынша есебі
Жаңақорған ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 63 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 29 159 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде – 2 583 қызмет;
Мемлекеттік корпорация арқылы – 1 634 қызмет;
«Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 24 942 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны бойынша 2022 жылдың 12 айында барлық көрсетілген қызметтердің 8,2%-ы тікелей мемлекеттік орган арқылы, 4,6%-ы Мемлекеттік корпорация арқылы және 87,2%-ы электронды түрде алынған.
2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 ай қорытындысы бойынша барлығы 9 жергілікті атқарушы орган тексерілді.
Тексеру қорытындысымен мемлекеттік қызметке жауапты бір маманға «Ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Сондай-ақ, Электронды қызметтерді алуды барынша насихаттап, тұрғындарды қашықтан қызмет алуға бейімдеу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды.
Ағымдағы жылдың 12 айының қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзім бұзушылық орын алған жоқ.
Бүгінгі күнге қызмет алушылар тарапынан құқық бұзушылыққа қатысты арыз-шағым түспеген.