Аудан әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру туралы

Аудан әкімі аппаратында

жеке тұлғаларды және заңды

тұлғалардың өкілдерін

жеке қабылдауды

ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік – рәсімдік процестік кодексіне сәйкес:

1. Аудан әкімі мен орынбасарларының, аудан әкімі аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының
2023 жылғы I жартыжылдығына арналған  кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Эпидемиологиялық ахуал қалыптасқан жағдайда белгіленген шектеу шараларын қамтамасыз ету мақсатында өтініштер мен арыз шағымдар, түсіндірме сұрату жағдайларында мүмкіндігінше байланыс құралдарын пайдалану арқылы шешу жолдарын қарастыра отырып, жауап берілуі қамтамасыз етілсін.

3. Бекітілген жеке қабылдау кестесін жергілікті басылымда немесе аудан әкімдігінің сайтында жариялануын, олармен танысу үшін азаматтардың еркін қолжеткізуі қамтамасыз етілетін орынға ілініп қойылуын қамтамасыз ету, аудан әкімі аппаратында бекітілген кестеге сай жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруға жауапты мамандарды бекіту, өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қаралуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Ахметовке жүктелсін.

4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңақорған ауданының әкімі                                               М. Тлеумбетов

 Аудан әкімінің 2022 жылғы ___   

желтоқсандағы №___  өкіміне қосымша

Аудан әкімі мен орынбасарлардың, аудан әкімінің аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының 2023 жылғы I жартыжылдығына арналған

КЕСТЕСІ

Р/с

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүргізетін басшының

тегі, аты, әкесінің аты

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік

органның

орналасқан жері

Байланыс телефоны

1

Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы

Аудан әкімі

Әр аптаның сәрсенбі күні

16.00 – ден

18.00 ге дейін

 

Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33

22-3-55

2

Нуридинов Бектас Балгабаевич

Аудан әкімінің орынбасары

Әр аптаның жұма күні

15.00 –ден

17.00 – ге дейін

Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33

21-5-83

3

Шарипбеков Бекбулат Жунисалиевич

Аудан әкімінің орынбасары

Әр аптаның дүйсенбі күні

16.00 –ден

18.00 – ге дейін

Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33

22-4-01

4

Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Әр аптаның сейсенбі күні

16.00 –ден

18.00 – ге дейін

Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33

22-1-37

5

Ахметов Бақтияр Мадиярұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

Әр аптаның бейсенбі күні

16.00 –ден

18.00 – ге дейін

Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33

22-4-66

Дата публикации
05 января 2023