Жаңақорған ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылдың ІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 63 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 14024 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде - 1353 қызмет;
Мемлекеттік корпорация арқылы - 672 қызмет;
«Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 11999 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны бойынша 2022 жылдың 6 айында барлық көрсетілген қызметтердің 9,2%-ы тікелей мемлекеттік орган арқылы, 4,8%-ы Мемлекеттік корпорация арқылы және 86%-ы электронды түрде алынған.
2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 6 ай қорытындысы бойынша барлығы 5 жергілікті атқарушы орган тексерілді.
Тексеру қорытындысымен мемлекеттік қызметке жауапты бір маманға «Ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Сондай-ақ, Электронды қызметтерді алуды барынша насихаттап, тұрғындарды қашықтан қызмет алуға бейімдеу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды.
Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзім бұзушылық орын алған жоқ.
Бүгінгі күнге қызмет алушылар тарапынан құқық бұзушылыққа қатысты арыз-шағым түспеген.