Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
Жаңақорған ауданы әкімі аппаратында 2022 жылдың II тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге жүргізілген талдау нәтижесі бойынша есепті кезеңде барлығы 435 өтініш түскен, оның 361-і жеке тұлғалардан және 74-і заңды тұлғалардан.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен 435 өтініштің 138-не заң талабына сай мерзімінде жауап берілген болса, 290-ы заң талабына сай қарау үшін құзырлы оргындарға жолданды. Есептік кезеңде қалдықта қалған 7 өтініштің орындалу мерзімі бар.
«ҚБПҮ» деген белгісі бар хаттар бойынша
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратында 2022 жылдың II тоқсан қортындысымен қызмет бабында пайдалану үшін деген белгісі бар 293 хат келген, оның ішінде кіріс хат 229-ды құраса, 64 хатқа шығыс жасалып, тиісті мекемелерге арнайы байланыс арқылы жолданды. Мекемеде кірісте болған 229 хаттың 110-на белгіленген мерзімде жауап берілсе, 49-ы басшылыққа алып жұмыс жасау үшін жіберілген, ал қалған 70 хаттың орындалу мерзімі бар.