«Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 267 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 267 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 267 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы және 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«Жаңақорған ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және схемаларын бекіту туралы

1. Жаңақорған ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына және схемалары 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                                                                                                                                            Аты-жөні

Дата публикации
13 мая 2022