Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2022 жылдың І тоқсаны бойынша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2022 жылдың І тоқсаны бойынша есебі

Жаңақорған ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылдың І тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 59 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 6542 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде - 783 қызмет;

Мемлекеттік корпорация арқылы - 353 қызмет;

«Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 5406 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны бойынша 2022 жылдың 3 айында барлық көрсетілген қызметтердің 12%-ы тікелей мемлекеттік орган арқылы, 5,4%-ы Мемлекеттік корпорация арқылы және 82,6%-ы электронды түрде алынған.

2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 ай қорытындысы бойынша барлығы 2 жергілікті атқарушы орган тексерілді.

Тексеру қорытындысымен мемлекеттік қызметке жауапты бір маманға «Ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Сондай-ақ, Электронды қызметтерді алуды барынша насихаттап, тұрғындарды қашықтан қызмет алуға бейімдеу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды.

Ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзім бұзушылық орын алған жоқ.

Бүгінгі күнге қызмет алушылар тарапынан құқық бұзушылыққа қатысты арыз-шағым түспеген.

Дата публикации
05 апреля 2022