Жаңақорған ауданында 2022 жылдың І тоқсан мониторингіне сәйкес 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 18417 жасты құрайды бұл аудан тұрғындарының 21 % -на тең. Ауылдық окруктердегі жастар саны-11 763 жас, кент жастары-6654. Өзге ұлттар 90, 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары 4690, студенттер саны-4241 аймақтағы колледж студенттерінің саны 595 (Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі).
2022 жылдың 13 қаңтардағы аудандық бюджеттік комиссия отырысының №1 хаттамасына сәйкес аудан бойынша штаттық бірліктерді оңтайландыру жұмыстарына байланысты аудандық жастар ресурстық орталығына, ауылдық округтердегі 5 штаттық бірлік жастар мамандары берілді (Ақүйік, Манап, Қосүйеңкі, Екпінді, Қыркеңсе). Штаттардың келуіне сәйкес «Жастар ресурстық орталығы» КММ-дегі қызметкерлер саны - 9 штаттық бірлікті құрады.
Ақпарат үшін: Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі 2022 жылға жастар саясатын іске асыруға бағытталған әлеуметтік тапсырыс негізіндегі мемлекеттiк сатып алынатын қызметтер бойынша 5 636 000 (бес миллион алты жүз отыз алты мың) теңге қаражат қаралып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған. Жеңімпаз ү.ж. 5- сәуір күнінен кейін анықталады. Жастардың кәсіпкерлік әлеуеттерін дамыту мен азаматтық бастамаларына қолдау көрсету, ҮЕҰ-ды дамыту шаралары - 2 022 000 тг (7 шара), Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру әлеуметтік қызметін ұйымдастыру - 1 704 000 тг (5 шара), Жастардың ұлттық құндылықтарын дамыту және әлеуметтік, инновациялық әлеуеттерін қолдау - 1 910 000 тг (6 шара) .