2022 жылдың I-тоқсаны бойынша барлығы 591 (электронды – 238, қағаз түрінде – 302) қызмет көрсетіліп, оның - 540 қанағаттандырылып, 51 қызмет алушыға заң талаптарына сәйкес тиісті жауап берілген.
Сонымен қатар, Бөліммен 2022 жылдың І-тоқсаны бойынша аудандық жер комиссиясында 273 құжат қаралып, жер комиссиясының шешімімен оң және теріс қорытындылар қабылданды.
Ауыл шаруашылығы мақсаты бойынша 2022 жылдың І-тоқсанына сәйкес аудан әкімдігінің қаулысымен шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшін көлемі 50,0 гектар болатын 1 жер учаскелері және бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін көлемі 41,0 гектар болатын 4 жер учаскелері уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен табысталды.
Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтінішіне сәйкес көлемі 199,0 гектар болатын 7 жер учаскесі жайылымдық жерден суармалы егістік алқаптарына ауыстырылды.
Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға
2015 жылдан 2022 жылдың І-тоқсанына дейін жер кезегі тізімінде 8216 адам тіркелген.
Сондай-ақ, ауылдық округ және кент шекараларынан 5 км радиуста орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылармен халықты мал жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында арнайы келісім хаттамалар жасалып, қорытынды сызбалары мен шекаралары белгіленіп, тиісті жұмыстар аяқталды.