Жаңақорған ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің 2021 жылдың атқарған жұмыстары

Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына тіркелген Жаңақорған  ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілердің жалпы саны - 72.

Аудан бойынша 2021 жыл қаңтар –желтоқсан айларында:

  • ашық конкурс тәсілімен 160 сатып алу 2 283 387 350,44 теңге;
  • бағалы ұсыныстарға сұраным негізінде 336 сатып алу 185 138 044,74 теңге;
  • тауарлық биржа негізінде 5 сатып алу 3 817 592,02 теңге;
  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 1 сатып алу 399 000 теңге;
  • өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу 140 сатып алу 213 279 209,25 теңге;
  • тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден 2234 сатып алу 633 678 358,8 теңгені құрады.

Жаңақорған аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімімен 2021 жылы қаңтар –желтоқсан айларында біріңғай ұйымдастырушы ретінде 208 сатып алу және қайта сатып алу жарияланды. Атап айтар болсақ:

  • тауарлар 51 232 428,70 теңгеге 8 сатып алу, үнемделген қаржы
    3 988 486,73 теңге,
  • көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша
    82 248 962,14 теңгеге 51 сатып алу, үнемделген қаржы 4 520 451,92 теңге.
  • жұмыс 1 714 981 752,32 теңгені құрайтын 149 конкурс,
    үнемделген қаржы 341 058 555, 31 теңге

Ағымдағы жылдың 12 айында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінен 1 конкурсқа хабарлама түсіп, хабарлама нәтижесіне сәйкес өзгеріс беріліп қайта жарияланды. Арыз-шағым негізінде 55 конкурсқа  хабарлама түсіп,                 37 сатып алу нәтижелері қайта қаралып, 2 конкурстың құжаттамасына өзгеріс енгізілді, 16 конкурс шағымы негізсіз болып табылды.

2021 ж 12 айында 2 адам бөлім басшысының жеке қабылдауында болып, олардың өтініш-сауалдарына заңға сәйкес түсініктемелер берілді. Жеке және заңды тұлғалар арыз-шағымын, өтініштерін кез келген уақытта бөлім басшысына табыс ету үшін арнайы жәшіктер қолжетімді жерге орналастырылған.       

 

Дата публикации
12 января 2022