Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – спорттық жарыстарды көптеп өткізу болса, 2021 жылдың ІІI тоқсанының қорытындысымен саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 79 спорттық іс-шара өткізілсе, оның ішінде 2 Қазақстан Рсепубликасының чемпионаты, 3 Республикалық, 7 облыстық, 67 аудандық деңгейде бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 5900 тұрғындары тартылды.
2021 жылғы жоспар бойынша аудан тұрғындарының 34 пайызын дене шынықтырумен тұрақты түрде шұғылдандыру болса, аудан тұрғындарының 29 003-ы тұрақты түрде спортпен шұғылдануда. Бұл өз кезегінде 33,7 пайыздық көрсеткішті көрсетуде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті көтеру жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмр салтын насихаттау мақсатында әр ай сайын мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында және «Нашақорлыққа жол - Жоқ» «Бәріңде жарысқа» ұранымен атты пробация қызметінің есебінде тұратын қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрінде сотталғандар арасында 6 аудандық спорттық жарыстар өткізілді.
2021 жылдың 9 айының қорытындысы ауданымыз бірқатар жеңімпаз жүлдеге ие болды. ҚР чемпионаттарында ұлттық спорт түрі қазақ күресінен және белбеу, самбо күрес, дзюдо, гір спорты, қол күрес және волейболдан 70 медаль иеленді. (21 алтын, 27 күміс, 22 қола медаль). Сондай-ақ 3-5 қыркүйек күндері аралығында Ресей федерациясы Мамадыш қаласында өткен белбеу күресінен жастар арасындағы Әлем чемпионатында Атамұрат Қарақат – ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар 4-8 Қыркүйек күндері аралығында Казань қаласында өткен белбеу күресінен жастар арасындағы ТМД ойындарында 3 спортшымыз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдені иеленсе, қол күрсетен Азия чемпионатында - 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдені иеленді.
Сондай-ақ 13 аудан спортшылары ҚР ұлттық құрама командасының сапына енсе, 47 спортшымыз облыстық құрама команда сапында өнер көрсетуде, спорт түрлері бойынша 1 спортшы – «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 4 спортшы – «ҚР спорт шебері», 13 спортшы – «ҚР спорт шеберіне үміткер» атанса, 4 спортшы - «І – разрядты спортшы» атанып отыр.