ЖОБА
«2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №576 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 20 788 107,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 386 093,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 70 122,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 24 419,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 18 307 473,7 мың теңге;
2) шығындар – 21 405 326,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 216 415,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 358 791,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 142 376 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -833 633,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 833 633,4 мың теңге.
қарыздар түсімі – 358 791,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 143 445,9 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары – 618 288,3 мың теңге.».
Аталған шешімнің 1,4-қосымшалары осы шешімнің 1,2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.