Жаңақорған ауданы бойынша 64 дене шынықтыру ұжымы спорттың 26 түрімен жұмыс жасайды.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – спорттық жарыстарды көптеп өткізу болса, 2021 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 49 спорттық іс-шара өткізілсе, оның ішінде 25 ауыл-аймақ, 43 аудандық, 7 облыстық, 3 Республикалық деңгейде бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 5600 тұрғындары тартылды.
2021 жылғы жоспар бойынша аудан тұрғындарының 31 пайызын дене шынықтырумен тұрақты түрде шұғылдандыру болса, аудан тұрғындарының 27 009-ы тұрақты түрде спортпен шұғылдануда. Бұл өз кезегінде 31,6 пайыздық көрсеткішті көрсетуде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті көтеру жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмр салтын насихаттау мақсатында әр ай сайын мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында және «Нашақорлыққа жол - Жоқ» «Бәріңде жарысқа» ұранымен атты пробация қызметінің есебінде тұратын қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрінде сотталғандар арасында 8 аудандық спорттық жарыстар өткізілді.
2021 жылдың 6 айының қорытындысы ауданымыз бірқатар жеңімпаз жүлдеге ие болды. Гір тасын көтеруден 1 спортшы Азия чемпионы атанып, Әлем чемпионатына жолдама алды, 1 спортшы қола жүлдені иеленді.
Спорт түрлері волейбол, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, қазақ күресі, самбо күресі, белбеу күресі, бокс, Қазақстан Республикасының чемпионатынан 18 алтын, 24 күміс, 20 қола жүлдені иеленді.