Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 2021 жылдың 3 айына ақпарат

Жаңақорған ауданы әкімі аппаратында 2021 жылдың І тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге жүргізілген талдау нәтижесі бойынша есепті кезеңде барлығы 279 өтініш түскен, оның 208-і жеке тұлғалардан ( 90 жеке қабылдау, 118 жазбаша) және 71-і заңды тұлғалардан.

Жеке тұлғалардан түскен 208 өтініштің 193-не заң талабына сай мерзімінде жауап берілген болса,  есептік кезеңде қалдықта қалған 15 өтініштің  орындалу мерзімі бар.

Заңды тұлғалардан түскен  71 өтініштің 66-на заң талабына сай мерзімінде жауап берілсе, 5 өтініштің орындалу мерзімі бар.

Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге қатысты теріс көз қарастағы 2 өтініш тіркелген. Аудандық білім бөлімінің бастығы Б. Ибрагимовке қатысты өтініш тіркеліп, өтініш иелерінің жазған арыздарын қараусыз қалдыру туралы өтініштеріне сәйкес негізгі өтінішті қарау тоқтатылды. Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі Ә. Абдуллаевқа қатысты өтініш тіркеліп, зерделеу барысында жұмысшы топ құрылып, айыптау негізсіз болғандықтан, өтініш иелерінің қойған мәселесі қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Дата публикации
06 апреля 2021