2020 жылдың 12 айында аудан әкімі аппаратына 11493 құжат кіріске алынып, 9342 хатқа шығыс жасалды. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің 294 қаулысы, аудан әкімінің 5 шешімі қабылданып, 407 өкімі тіркелді. Аппарат басшысының 40 бұйрығы шығып, барлық құжат айналымы 23735-ті құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен 2019 жылдың осы кезеңімен (20327 хат) салыстырғанда 3408 хатқа, яғни 16,0 пайызға артып отыр.
2020 жылдың 12 айында аудан әкімі аппаратына облыс әкімі аппараты арқылы ҚР Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінен барлығы 2623 деректі ҰӨҚ құжат келіп, оның 1382-і немесе 54,0 %-ы бақылауға алынған және де 2019 жылы кіріске алынып, ұзақ мерзімде бақылаудағы 69 құжатты қосқанда барлығы 1451 құжаттың 1330-і мерзімінде орындалса, жыл басынан 60 құжат мерзімі кешігіп орындалған және қалған 61 құжаттың мерзімі бар болған.
Аудан әкімі аппаратына ағымдағы жылдың 12 айында облыс әкімдігі мен облыстық басқармалардан және басқа да мекемелерден келген 8858 құжаттың 5998 құжаты, яғни 67,0 пайызы бақылауға алынып, оның 5380-не мерзімінде жауап беріліп, 337 хаттың жауабы мерзімінен кешіктірілген және де 281 хаттың орындалу мерзімі бар. 12 айдың қорытындысы бойынша бақылауға алынған мерзімі кешіккен хаттар 5,6 пайызды құрады. Өткен 2019 жылы 7,8 пайыз болған.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратында қызмет бабында пайдалану үшін деген белгісі бар 328 хат айналымда болған, оның ішінде кіріс хат 174-ті құраса, 154 хатқа шығыс жасалып, тиісті мекемелерге арнайы байланыс арқылы жолданды. Мекемеде кірісте болған 174 хаттың 59-ы бақылауға алынды және де 25-сі басшылыққа алу үшін жолданған, қалған 90 хатқа белгіленген мерзімде жауап берілген.