Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңына сәйкес, әр айға жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындар назарына жеткізу үшін «Жаңақорған тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсындағы сайтына орналастырылып, аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерді қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.
Осы жеке қабылдау кестесіне сәйкес 2020 жылдың 12 айдың қорытындысымен жалпы аудан әкімі аппаратында қабылдауда болған 205 азаматтың 189 азаматы аудан әкімінің жеке қабылдауында, 5 азамат аудан әкімінің орынбасары Д. Тұрсынбаевтың және 11 азамат аудан әкімінің орынбасары Ғ. Сопбековтың қабылдауында болып, қабылдау барысында барлық өтініш иелеріне ауызша түсіндірме жауап берілген.
Ауданда карантиндік шектеулерге байланысты ағымдағы жылдың наурыз-шілде айларында жеке қабылдаулар жүргізілмеді. Тамыз айында 2 рет онлайн қабылдау ұйымдастырылып, қабылдауда болған 5 азаматтың өтініштеріне түсіндірме берілген.