Жаңақорған ауданының жергілікті атқарушы органдарымен
2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы
53 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 9106 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде – 2,7 %;
Мемлекеттік корпорация арқылы – 5,3 %;
«Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 92 % қызмет көрсетілді.
2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес барлығы 10 жергілікті атқарушы орган тексерілді.
Тексеру қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуші нормативті-құқықтық актілердегі заңнама талаптарын қатаң ұстану, бизнес-процестерді дұрыс ұстанумен қатар, қызмет алушыларға берілетін жауаптарды сапалы түрде орындау тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері тоқсанына бір реттен кем емес Қоғамдық кеңестің қарауына ұсынылып келеді.
Ағымдағы жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 1 мерзім бұзушылық аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде орын алды. Бүгінгі күнге қызмет алушылар тарапынан құқық бұзушылыққа қатысты арыз-шағым түспеген.