

«Жаңақорған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сипаттамасы:
«Жаңақорған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғындарды сапалы автомобиль жолдарымен, сапалы ауыз сумен және тұрақты, үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары аясындағы мемлекеттің саясатын жүргізу.
2024 жылы Аққұм елді мекеніндегі электр тарату желілері жаңғырту мақсатында демеушілердің қолдауымен жұмыс жобасы әзірленді.
Бүгінгі таңда аталған жоба облыстық бюджеттен толық қаржыландырылды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталады.
Жобаның іске асырылуы – елді мекендер тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде маңызды роль атқаратын мәселені түбегейлі шешуге және тұтынушылардың сапалы электр энергиясына қолжеткізуіне әсерін береді.
2019 жылы Жаңақорған кентінің аумағы кеңейіп, жаңадан мөлтек аудандардың пайда болуына байланысты «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы жүзеге асырылған. Аталған жобамен магистралдық су желілері салынған болса, 2021-2022 жылдары сервистік жүйесімен қамтылған.
Дегенмен, «Тақыркөл» бас су алғышынан №1 сорғы станциясына дейін магистральды су өткізгіші жеткілікті ауыз су қорын жеткізе алмауына байланысты бүгінгі күнге дейін ауыз су беру мүмкін болмаған.
2024 жылы «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентіндегі МАИ бекеті шағын ауданында су тарату станциясы және қосылу тармағының құрылысы» нысанының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құны 1 071 855,0 мың теңге.
Қазіргі танда, республикалық бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны аяқтау мерзімі 2026 жылдың мамыр-маусым айлары деп жоспарлануда.
Жоба бойынша Жаңақорған кенті «МАИ бекеті», «Алтыкрант» мөлтек аудандарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
2025 жылыдемеушілікнегізде«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі елді мекеніне жеткізуші газ құбырын және газ тарату желілерін салу» жұмыс жобасы бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер жолданды. Жоба құны 997 млн. теңге.
Қаржысы қолдау тапқан жағдайда жобаның құрылыс монтаждау жұмыстары 2026-2027 жылдары жүргізіледі депжоспарлануда. Жобабойынша 38 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 148 тұрғын үй және 757 халық газ пайдаланатын болады.