

Жаңақорған ауданындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдар 1 орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 1 орталық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекеттің барлығы (100%) ақпараттық жүйемен жұмыс жасауда.
2023 жылдың 6 айында аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде интеграцияланған тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген Жол карталары аясында медициналық қызметтер көрсетілді. 74209 аудан халқына 185 орынға арналған тәуліктік орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана (Төменарық 10 төсек, Қандөз 5 төсек), 1 аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, 50 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ қызмет көрсетті. 1 жалпы тәжірибелі дәрігердің жүктемесі орташа есеппен алғанда 1484 болып отыр.