

Аудан бойынша 43 мектеп (40 орта, 3 негізгі) 2023 оқу жылының ІІІ оқу тоқсанын 185784 оқушымен, кент орталығындағы 7 жеке мектеп 1119 оқушымен бастады.
Ауданда мектепке дейінгі ұйым саны 117, бала саны –5731. Оның ішінде 26 мемлекеттік балабақша 1687 бала, 82 жеке балабақшада 3848, 9 шағын орталықта – 196 бала бар. Аудан бойынша 2-5 жаста 8659 бала болса, оның 2 жастағы жалпы бала саны – 2055 (балабақшамен қамтылғаны -606. 30 пайыз).
«Жайлы мектеп» Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орын беретін мектеп салу көзделген.
Аталған жоба аясында Жаңақорған ауданы 2 мектеп ұсынып отырмыз. Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылынан 300 орындық және Жаңақорған кенті Саяжай тұрғын ауданы Т.Құлымбетов көшесі бойынан 600 орындық мектеп құрылысы.
Екі мектеп құрылысы бойынша жаңа құрылыс салатын мектеп жері нақтыланған, инфрақұрылым жүргізілген.
Жаңа құрылыс. 2023 жылдың наурыз айында Байкенже ауылындағы 150 орындық мектептің құрылысы басталды. Тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы.